11 қаңтар 2026 жыл. Алматы.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Оңтүстік астанадағы «Igilik Palace» банкет залында жастарға арналған Рождестволық бал өтті.
Іс-шара Қазақстан Митрополитттік округінің Жастар ісі жөніндегі комиссиясы (жетекшісі — иерей Георгий Рублинский) тарапынан, «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының (президенті — В.М. Капсамун) қолдауымен ұйымдастырылды.
Мерекелік бағдарламаға қатысқандар: Астана православиелік жастар қозғалысының жетекшісі иерей Сергий Дианов, Қазақстан астанасы мен Алматы қаласының православиелік жастар ұйымдарының мүшелері, жексенбілік мектептердің тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары, сондай-ақ қалалық храмдардың келушілері.
Жиналған қауымға Қазақстан Митрополиттік округінің Жастар ісі жөніндегі комиссиясының жетекшісі иерей Георгий Рублинский құттықтау сөзін сөйледі. Георгий әке Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы — Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың православиелік жастарға жолдаған құттықтау лебізін жеткізді.
Салтанатты кештің сәнін «Княжичи» ерлер хоры (көркемдік жетекшісі — С. Редькин), сондай-ақ Оңтүстік астананың музыкалық және би ұжымдары өз өнерлерімен келтірді.
Кеш бағдарламасына дәстүрлі хореографиялық нөмірлер — веналық вальс пен полонез, сондай-ақ байқау бағдарламасы, еркін билер және зияткерлік викторина кірді.
Билер арасындағы үзілісте барлық қатысушыларға дастарқан жайылды.
Салтанатты шараға 400-ден астам адам қатысты.
Қасиетті ұлы шейіт Параскева Пятницаны еске алу күні митрополит Александр Алматыдағы Александр Невский храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Митрополиттік округ Басшысының Иран Ислам Республикасының ғылыми және қоғам қайраткерлері делегациясымен кездесуі өтті
Толығырақ
Байқоңырда «Благовест» атты рухани әндердің XIV ашық халықаралық фестивалі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр