13 маусым 2026 жыл. Алматы. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен Калужск және Боровск митрополиті Клименттің батасымен Қазақстан Митрополиттік округінің митрополит Иосифтің (Чернов) атындағы рухани-мәдени орталығында Алматы және Калуга православие рухани семинариялары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Алматы рухани семинариясының ректоры протоиерей Евгений Иванов пен Калуга рухани семинариясының ректоры протоиерей Сергий Третьяков қол қойған меморандум мәтіні Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы мен Калужск митрополиясының Басшысы тарапынан қолтаңбаларымен және мөрлерімен бекітілді.
Құжатқа қол қою рәсіміне қатысқандар: Боровенск ауылындағы Қасиетті Успение Ферапонт монастырінің басшысы иеромонах Андрей (Синицин) (Калужск митрополиясы), тәрбие жұмысы жөніндегі проректор иерей Иоанн Ливинский, оқу ісі жөніндегі проректор иерей Петр Бахтияров, рухани мектептің шіркеулік-практикалық кафедрасының меңгерушісі, теология кандидаты иерей Владислав Пашков, рухани мектеп кеңсесінің меңгерушісі иерей Александр Шишлов және иеромонах Херувим (Левин).
Қол қойылған меморандумның арқасында Қазақстан мен Калужск жетекші рухани оқу орындары өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша бірлескен конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен сараптамалық кездесулер өткізетін болады. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік, мәдени-ағартушылық және білім беру бағдарламаларын бірлесіп жүзеге асыру көзделген.
Өткен жұмыс кездесуінде рухани оқу орындарының өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Достық әрі жылы жағдайда өткен кездесудің соңында протоиерей Евгений Иванов мәртебелі қонақтарға Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың «Орта ғасырлар дәуіріндегі Орталық Азиядағы христиандық» атты еңбегін, Оңтүстік астанадағы Вознесенский кафедралды соборы туралы фотоальбом-кітапты, Митрополиттік округтің 2026 жылға арналған күнтізбесін және Қарағандылық әулие Севастианның иконасын сыйға тартты.
Өз кезегінде протоиерей Сергий Третьяков Алматы рухани мектебіне Калужск семинариясының ғылыми мерзімді басылымдарын, Боровенск ауылындағы Қасиетті Успение Ферапонт монастырі туралы кітапшаны және естелік сыйлықтарды тарту етті.
Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр