ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
21.06.2026, 17:00

Алматы православиелік рухани семинариясында бітіруші түлектердің салтанатты жиыны өтті

Алматы православиелік рухани семинариясында бітіруші түлектердің салтанатты жиыны өтті

21 маусым 2026 жыл. Алматы. Қазақстан Митрополиялық округінің митрополит Иосиф (Чернов) атындағы рухани-мәдени орталығының Тақ залында Алматы православиелік рухани семинариясы түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті.

Салтанатты жиынды рухани мектептің шіркеу тарихы кафедрасының профессоры, Астана және Қазақстан митрополиті Александр басқарды.

Мерекелік іс-шараға қатысқандар: Қазақстан Митрополиялық округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының өнерге еңбек сіңірген қайраткері, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы жанындағы орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі Шіркеу-қоғамдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников; Алматы рухани семинариясының ректоры, теология ғылымдарының кандидаты протоиерей Евгений Иванов; Астана епархиясының викарийлері – Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Оңтүстік астана храмдарының құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы, теология ғылымдарының кандидаты протоиерей Валерий Захаров; тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, діни қызметкер Иоанн Ливинский; оқу ісі жөніндегі проректор, діни қызметкер Петр Бахтияров; ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, философия ғылымдарының кандидаты А.П. Соловьев; АПРС регенттік бөлімінің меңгерушісі В.В. Дударева; рухани мектептің сыныптан тыс жұмыс жөніндегі проректоры, Қазақстан Митрополиялық округінің мәдениет бөлімінің жетекшісі, Ресей Федерациясының мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері Л.Е. Горичева; Алматы рухани семинариясының инспекторы, діни қызметкер Евгений Бессонов; шіркеу тарихы кафедрасының меңгерушісі протоиерей Александр Гайченя; библиялық-теологиялық кафедраның меңгерушісі, теология ғылымдарының кандидаты, діни қызметкер Олег Лисин; рухани мектептің шіркеулік-практикалық кафедрасының меңгерушісі, теология ғылымдарының кандидаты, діни қызметкер Владислав Пашков; рухани мектеп кеңсесінің меңгерушісі, діни қызметкер Александр Шишлов; шіркеу тарихы кафедрасының хатшысы, Митрополиялық округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі, діни қызметкер Георгий Сидоров; Митрополиялық округтің ақпарат бөлімінің жетекшісі орынбасары, библиялық-теологиялық кафедраның хатшысы, діни қызметкер Кирилл Коноплев, сондай-ақ семинарияның оқытушылары, қызметкерлері, түлектері мен студенттері, епархия дін қызметкерлері және Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері.

Түлектерді марапаттау салтанатының құрметті қонақтары болғандар: «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун және Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Н.М. Кікімов.

Рәсім басталар алдында Қазақстан Православие шіркеуінің Басшысы семинарияның қасиетті сандағы оқытушылары мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен Алматы қаласындағы Вознесенскмй кафедралды соборында Құдайлық литургияны өткізді.

Салтанатты шараны ашқан митрополит Александр жиналған қауымға құттықтау сөз арнады.

Алматы рухани семинариясының ректоры протоиерей Евгений Иванов өз сөзінде митрополит Александрға рухани оқу орнына көрсетіп келе жатқан тұрақты әкелік қамқорлығы үшін шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ Қазақстандағы теологиялық білім беруді нығайтуға белсенді қолдау көрсетіп жүрген қайырымдыларға ризашылығын жеткізді. Ректор әкімшілік пен оқытушылардың еңбегін, студенттердің талпынысы мен ынтасын ерекше атап өтті. Протоиерей Евгений түлектерді оқуын аяқтауларымен құттықтап, Құдай сөзін қазіргі әлемде жемісті уағыздау үшін теологиялық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы білімдерін одан әрі жетілдіре берулеріне тілектестік білдірді.

Іс-шара барысында « 1927-1999 жж. Орыс Православие Шіркеуінің Алматы епархиясын басқарған тұлғалар: тарихтағы орны» атты монографияның тұсаукесері өтті.

Зерттеу еңбегінің авторы – Қазақстан Православие Шіркеуінің Мәскеудегі өкілдігіндегі Қазақстан Митрополиялық округі Басшысының көмекшісі, Алматы семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа).

Валерий Михайлович Капсамун рухани білім беру саласындағы жемісті еңбектері үшін семинария әкімшілігі мен оқытушылар құрамына алғысын білдіріп, Алматы рухани семинариясының түлектері мен студенттеріне шіркеулік мойынсұнушылық міндеттерін ыждағатпен атқарып, Мәсіх шіркеуіне адал қызмет етулерін тіледі. «Қазіргі әлемге тек білімді дін қызметкерлері ғана емес, жүрегінде шынайы сенімі бар адамдар қажет. Олар өзгенің қайғысын түсіне алатын, мұқтаж жанға қолдау көрсететін, күмәнданғанды жігерлендіретін және ақиқатты іздеушіні Мәсіхке бастай алатын адамдар болуы керек. Адамдар сіздердің сөздеріңізге ғана емес, істеріңізге де қарайтынын ұмытпаңыздар. Сіздердің адамдарға деген қарым-қатынастарыңыз Ізгі хабардың ең әсерлі уағызына айналады», – деп атап өтті «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті.

Әрі қарай иерей Иоанн Ливинский бітіру біліктілік жұмыстарының қорытындыларын жариялап, рухани жоғары оқу орнындағы оқу үдерісінің жай-күйі туралы баяндады.

Содан соң дипломдарды тапсыру рәсімі өтті. 2025–2026 оқу жылында Алматы рухани семинариясын пастырлық бөлімнің 12 студенті және катехизаторлық бөлімнің 2 студент қызы тәмамдады.

Түлектер атынан сөз сөйлеген протоиерей Илия Ворожейкин мен чтец Владислав Платонов Астана және Қазақстан митрополиті Александрға, семинария ректоры протоиерей Евгений Ивановқа және бүкіл профессорлық-оқытушылық құрамға алған білімдері мен әрбір ұстаздың өз ісіне деген жанашырлығы үшін шынайы ризашылықтарын білдірді. Атқарылған еңбектерге, әкелік қамқорлық пен тұрақты қолдау үшін студенттер рухани мектеп басшылығына гүл шоқтарын табыс етті.

Іс-шара соңында студенттер жиналған қауымға музыкалық бағдарламаларын ұсынды.

Оқиға естелігі ретінде Қазақстан Митрополиттік округінің митрополит Иосиф (Чернов) атындағы рухани-мәдени орталығының баспалдағында қатысушылардың ортақ суреті түсірілді.

Іс-шараның бейнетүсірілімін Қазақстан Митрополиялық округінің «Семиречье» телестудиясы жүзеге асырды (директоры – мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері В.Л. Посаднева).

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді