2026 жылғы 6 қыркүйекте Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған станциясындағы Владимировск шіркеуінде Ресей астанасының күніне арналған «Алтын басты Мәскеу» атты мерекелік концерт өтті.
Мерекелік іс-шараны Астана епархиясының ағартушылық қызмет жөніндегі комиссиясы, Қазақстанның орыс, славян, казак ұйымдарының қауымдастығы және Жетісу казактары одағы ұйымдастырды.
Концерт басталар алдында жиналған қауымды құттықтағандар: ағартушылық қызмет жөніндегі комиссияның жетекшісі, Владимировск шіркеуінің басқарушысы протоиерей Сергей Казимиров; Алматыдағы Орыс үйінің жетекшісі М.С. Симакова; «Жетісу казактары одағының» атаманы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі В.С. Шихотов; Қазақстанның орыс, славян, казак ұйымдары қауымдастығы төрағасының орынбасары С.В. Шихотов; Алматы облыстық мәслихатының депутаты В.А. Маткава және «Жетісу казактары одағы» Старейшиналар кеңесінің төрағасы В.Р. Попов
Іс-шараға қатысқандар: Владимировск шіркеуінің приход мүшелері, Алматы облысы Қарасай ауданы Жібек Жолы ауылының және оған жақын елді мекендердің тұрғындары.
Мерекелік бағдарлама аясында үш бөлімнен тұратын фотокөрме ұйымдастырылды: «Казактардың Ұлы Отан соғысына қатысуы», «Алматы қаласымен байланысты Мәскеудің көрікті жерлері» және «Балалардың салған суреттері».
Концерт барысында «Жетісу казактары» би тобы, М. Гранованың жетекшілігіндегі Алматы қаласының халық әндері театры, сондай-ақ Шамалған станциясындағы Владимировск шіркеуінің, Қалды ауылының Әулие-Елисавета шіркеуінің және Чапаевка ауылының Әулие Серафим Саровский атындағы приходының жексенбілік мектептерінің оқушылары өнер көрсетті. Сонымен қатар «Русский Альянс» шығармашылық клубының жетекшісі Ю.В. Фокеев, «Мандарин» фланкировка клубы және Сухоруковтар ағайындылар дуэті өнер көрсетті.
Мереке соңында іс-шараға қатысушыларға Алматыты епархиялық басқармасы, Қазақстанның Библия қоғамы және Алматыдағы Орыс үйі атынан сыйлықтар табысталды.
Қасиетті ұлы шейіт Параскева Пятницаны еске алу күні митрополит Александр Алматыдағы Александр Невский храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Митрополиттік округ Басшысының Иран Ислам Республикасының ғылыми және қоғам қайраткерлері делегациясымен кездесуі өтті
Толығырақ
Байқоңырда «Благовест» атты рухани әндердің XIV ашық халықаралық фестивалі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр