ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
23.09.2026, 19:00

Санкт-Петербург Рухани Академиясының «Христиандық оқу» атты ғылыми журналында митрополит Александрдың архимандрит Софонийдің (Сокольский) Қасиетті Жерге жасаған қажылық сапары туралы мақаласы жарық көрді

Санкт-Петербург Рухани Академиясының «Христиандық оқу» атты ғылыми журналында митрополит Александрдың архимандрит Софонийдің (Сокольский) Қасиетті Жерге жасаған қажылық сапары туралы мақаласы жарық көрді

23 қыркүйек 2026 жыл. Санкт-Петербург. Санкт-Петербург Рухани Академиясының «Христиандық оқу» атты ғылыми журналында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың мақаласы жарық көрді.

Мақала болашақ алғашқы Түркістан архипастыры, әулие Софонийдің (Сокольский) 1850 жылдың жазында Константинопольдегі Ресей дипломатиялық миссиясы шіркеуінің настоятары қызметін атқарып жүрген кезінде Қасиетті Жерге жасаған қажылық сапарына арналған. Бұл – оның өмірбаянындағы және Қырым соғысы қарсаңындағы орыс-шығыс шіркеулері арасындағы қарым-қатынастар тарихындағы маңызды оқиға. Осы уақытқа дейін бұл тақырып тек жекелеген қырларымен ғана зерттеліп келген.

Зерттеудің дереккөздік базасын архимандрит Софонийдің жол күнделігі жарияланымдарының әр жылдардағы нұсқалары (1851, 1864–1865, 1865 және 1874 жылдар), Ресей ғылым академиясының Санкт-Петербург филиалындағы архимандрит Порфирийге (Успенскийге) жазған жарияланбаған хаты, кнәз П. А. Вяземскийдің жол жазбалары, архимандрит Антониннің (Капустин) күнделігі және Ресей мемлекеттік тарихи мұрағаты қорларындағы Константинопольдегі елшілік шіркеуінің басқарушысына арналған Синод нұсқаулығы құрайды.

Осы дереккөздерді салыстыра зерттеу негізінде қажылық сапарының хронологиясы, оған қатысушылардың құрамы мен жүріп өткен бағыты нақтыланды. Сапар барысында бір мезетте үш мақсаттың жүзеге асырылғаны көрсетіледі. Бірінші мақсат жеке діни тақуалықпен байланысты болды. Екінші мақсат шіркеулік-саяси сипатта еді: Ресей елшілігінің тапсырмасымен әулие Софоний Иерусалимдегі Қасиетті Қабір шіркеуінде жерленген крест жорықтарына қатысушылардың қабірлері туралы мәліметтерді сол жерде тексерді. Үшінші мақсат – шіркеу археологиясы, библиялық-топографиялық және этнографиялық сипаттағы ғылыми ақпарат жинау болды. Сапар барысында бұл мақсаттарға пастырлық-миссионерлік міндеттер де қосылды.

Жарияланымның атауы: «Константинопольдегі Ресей дипломатиялық миссиясы шіркеуінің настоятары архимандрит Софонийдің (Сокольский) 1850 жылы Қасиетті Жерге жасаған қажылық сапары: жеке діни тақуалық пен шіркеулік саясат аралығында».

«Христиандық оқу» журналы ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежелеріне арналған диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелері жариялануға тиіс рецензияланатын ғылыми басылымдар тізіміне (ЖАК тізімі, K1 санаты) кіреді.

Дәйексөз келтіру үшін: Александр (Могилев), митр. Константинопольдегі Ресей дипломатиялық миссиясы шіркеуінің настоятары архимандрит Софонийдің (Сокольский) 1850 жылы Қасиетті Жерге жасаған қажылық сапары: жеке діни тақуалық пен шіркеулік саясат аралығында // Христианское чтение. 2026. № 3. 381–398-бб. DOI: 10.47132/1814-5574_2026_3_381. EDN: YJWVBX.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді