ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
02.11.2026, 14:00

Алматы православиелік рухани семинариясында православиелік ілім негіздерін білуге арналған зияткерлік викторинасы өтті

Алматы православиелік рухани семинариясында православиелік ілім негіздерін білуге арналған зияткерлік викторинасы өтті

1 қараша 2026 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматы православтық рухани семинариясында православиелік ілім негіздерін білуге арналған зияткерлік викторинасц өтті.

Іс-шараға рухани оқу орнының пастырлық, катехизаторлық және регенттік бөлімдерінің студенттері қатысты.

Викторинаны семинария ректор, протоиерей Евгений Иванов бастаған әкімшілігі ұйымдастырды.

Қазылар алқасының жұмысына қатысқандар: семинарияның оқу ісі жөніндегі проректоры иерей Петр Бахтияров, семинария инспекторы иерей Евгений Бессонов, семинария кеңсесінің меңгерушісі иерей Александр Шишлов, Митрополиялық округтің мәдениет бөлімінің жетекшісі, мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері Л.Е. Горичева және рухани оқу орнының оқытушысы, чтец Максим Сафин.

Сайыс бағдарламасы православиелік ілім негіздерін, он екі ұлы мерекенің тропарьлары мен тарихын білу деңгейін тексеруді, сондай-ақ шіркеулік-славян тіліндегі құлшылық мәтіндерін оқу дағдыларын бағалауды қамтыды.

Сайыс қорытындысы бойынша байқаудың жеңімпаздары:

Дайындық курсының студенттері

I орын — А. Бородин;

II орын — А. Гришенков;

III орын — В. Колчин.

Жоғары курс студенттері

I орын — Н. Столбова;

II орын — Г. Бритов;

III орын — Г. Громов.

Жүлдегерлерге дипломдар, сондай-ақ «Меломан» дүкендер желісінен кітап өнімдерін сатып алуға арналған сертификаттар табысталды.

Іс-шара соңында иерей Петр Бахтияров викторина барысында студенттердің жоғары деңгейдегі білімдерін атап өтіп, рухани оқу орнының тәрбиеленушілерін православиелік сенімнің ілімдік ақиқаттарын одан әрі тереңдетіп оқуға шақырды.

Іс-шара естелігі ретінде ортақ суретке түсті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді