ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
02.11.2026, 15:00

Орталық жексенбілік мектеп тәрбиеленушілері мен педагогтерінің Ақсай Серафимо-Феогностовский скитіне жасаған қажылық сапары

Орталық жексенбілік мектеп тәрбиеленушілері мен педагогтерінің Ақсай Серафимо-Феогностовский скитіне жасаған қажылық сапары

29 қазан 2026 жыл. Алматы облысы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Орталық жексенбілік мектеп тәрбиеленушілері мен педагогтерінен құралған топтың Ақсай Серафимо-Феогностовский скитіне қажылық сапары өтті.

Іс-шара «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының (президенті – В.М. Капсамун) қолдауымен ұйымдастырылды.

Жас қажыларды скит басқарушысы игумен Трифон (Печковский) қарсы алды. Балалар мен ұстаздар шіркеуде жатқан священномученик иеромонахтар Серафимнің (Богословский) және Феогносттың (Пивоваров) қасиетті жәдігерлеріне тағзым етті.

Иеромонах Евлогий (Щербак) священномучениктердің бұрынғы жерленген орнында құлшылық етті. Қажылық жасаушылар құлшылық кезінде ән айтуға қатысты.

Тәрбиеленушілер Анна Белимованың священномучениктер Серафим мен Феогносттың өмірі мен рухани ерліктері, сондай-ақ Қазақстандағы монастырлық өмірдің тарихы туралы әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Балалар табиғаттың әсемдігіне тамсанып, скит тұрғындары дайындаған тау шөптерінен жасалған ыстық шайды қуана іштi.

Қажылық сапар соңында естелікке ортақ суретке түсті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді