ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
03.11.2026, 14:00

Орталық жексенбілік мектепте М.В. Ломоносовтың өмірі мен ғылыми еңбектеріне арналған ашық сабақ өтті

Орталық жексенбілік мектепте М.В. Ломоносовтың өмірі мен ғылыми еңбектеріне арналған ашық сабақ өтті

1 қараша 2026 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Орталық жексенбілік мектепте «Адам-университет: М.В. Ломоносовтың ғажайып өмірі» атты ашық сабақ өтті.

Іс-шара Оңтүстік астанадағы «Русский домның» қолдауымен ұйымдастырылды.

Сабақты мектеп мұғалімі Л.З. Александрович дайындап, өткізді.

Сабаққа қатысқандар: жОңтүстік астана храмдарының құрметті өкілі, Никольский соборының басқарушысы протоиерей Валерий Захаров; Алматыдағы «Русский домның» жетекшісі М.С. Симакова; «Русский домның» халықаралық гуманитарлық жобалар жетекшісі Т.В. Зубкова; Орталық жексенбілік мектептің директоры Г.В. Черепанова және оқу орнының педагогтері.

Сабақ барысында балалар көрнекті орыс ғалымы, ағартушы және ғылым жолындағы қайраткер М.В. Ломоносовтың өмірі мен сан қырлы қызметімен танысты. Михаил Васильевичтің білімге деген ерекше құштарлығына, еңбекқорлығы мен табандылығына айрықша назар аударылды. Осы қасиеттерінің арқасында ол адамзат білімінің сан алуан салаларында елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

Жас тыңдаушылар Ломоносовтың жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар, генеалогия, металлургия, аспап жасау, әдебиет пен өнер салаларындағы ғылыми жаңалықтары мен еңбектері туралы білді. Сондай-ақ оның мозаика өнері технологиясын дамытуға қосқан үлесімен танысты.

Мұғалімнің әңгімесі көрнекі материалдарды көрсетумен қатар жүрді. Оқушылар ғалымның туған өлкесінің фотосуреттерін көріп, оның бастамасымен құрылған Мәскеу мемлекеттік университетінің тарихымен танысты, сондай-ақ «Михайло Ломоносов» атты танымал көркем фильмнен үзінділер тамашалады.

Сабақ соңында Л.З. Александрович шағын тақырыптық викторина өткізді. Балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өткен материал бойынша білімдерін көрсетті және ұлы орыс ғалым-жаратылыстанушысының қанатты сөздерін оқып берді.

Сабаққа қатысқан тәрбиеленушілер үшін «Русский дом» өкілдерінің Михаил Васильевич Ломоносовтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған кітаптар мен естелік ашықхаттарды табыстауы ерекше сый болды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді