ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
03.11.2026, 16:00

«Қасиетті Афон тауы» халықаралық интернет-каруселі өтті

«Қасиетті Афон тауы» халықаралық интернет-каруселі өтті

2026 жылғы 1 қарашада Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астана епархиясының ағартушылық қызмет жөніндегі комиссиясы Қасиетті Афон тауына арналған халықаралық интернет-карусельін өткізді.

Зияткерлік сайысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Германия және Латвиядан келген мектеп оқушылары мен студенттерден құралған құрама командалар қатысты. Іс-шараға барлығы 21 құрама команда қатысты (оның 15-і – жексенбілік мектептерден, жалпы білім беретін мектептер мен православ гимназияларынан, 6-ы – приходтық жастар клубтарынан).

Интернет-карусель – тапсырмаларды шешуге арналған командалық сайыс. Карусельге қатысушы барлық командаларға бір уақытта, қатаң белгіленген тәртіппен бірдей сұрақтар ұсынылады және оларға дұрыс жауаптарды көрсету қажет. Онлайн-викторинаға берілетін уақыт 45 минутпен шектелген.

Зияткерлік сайыс екі кіші топ бойынша өткізіледі: жексенбілік мектептер (қатысушылардың жасы – 17 жасқа дейін) және жастар клубтары (17 жастан асқан жастар).

Викторина сұрақтарына Қасиетті Афон тауындағы монастырьлардың тарихы мен құлшылық ету дәстүрлерін білуге арналған тапсырмалар енгізілді.

Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша төмендегі ұжымдар жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды.

«Жексенбілік мектептер» кіші тобы

I орын

«Вера, Надежда, Любовь» («Иверско-Серафимовский» соборы, Екібастұз қ., Қазақстан)

 «Веселый паровозик» (Чемолған станциясындағы Владимир шіркеуі, Алматы облысы, Қазақстан)

«Зернышки Веры» (Қасиетті Құдай Анасының Рождествосы шіркеуі, Керчь қ., Қырым Республикасы)

«Радонеж» (Бүкіл әулиелер шіркеуі, Петропавл қ., Қазақстан) – жеңімпаз

«Радость моя» (Саров әулие Серафимінің шіркеуі, Байкент ауылы, Алматы облысы, Қазақстан)

 «Малый Радонеж» (Барлық әулиелер шіркеуі, Петропавл қ., Қазақстан)

 «Путеводная звезда» (Петропавл соборы, Петропавл қ., Қазақстан)

II орын

 «Лучики» (Никольский шіркеуі, Тоншаево кенті, Нижегород облысы, Ресей)

 «Чистые сердцем» (Ташкент қ., Өзбекстан)

«Кристалл» (Әулие кнәз Владимир шіркеуі, Ақтөбе қ., Қазақстан)

«Отроки» (Қасиетті Құдай Анасының Рождествосы соборы, Резекне қ., Латвия)

«Пересвет» (жексенбілік мектептердің құрама командасы, Брянск қ., Ресей)

III орын

«Доброхоты» (Орталық жексенбілік мектеп, Алматы қ., Қазақстан)

Крутогорцы» (Покров шіркеуі, Дзержинск қ., Беларусь)

«Воскресная школа» (Троицк шіркеуі, Текелі қ., Жетісу облысы, Қазақстан)

«Жастар клубтары» кіші тобы

I орын

«Скиф» («Иверско-Серафимовский» соборы, Екібастұз қ., Қазақстан)

«Православный Бремен» (Қасиетті Патшалық азап шегушілер шіркеуі, Бремен қ., Германия)

«Никто, кроме нас» (Флор мен Лавр қасиетті шейіттерінің шіркеуі, Тула қ., Ресей)

«Путеводная звезда» (Петропавл соборы, Петропавл қ., Қазақстан)

II орын

«Агапэ» (Михаил Архангел шіркеуі, Павлодар қ., Қазақстан)

«Византия» (Құтқарушы Христос шіркеуі, Алматы қ., Қазақстан)

Келесі «Өмірдің барлық жағдайына арналған этикет» атты шағын интернет-карусель 2026 жылғы 22 қарашада өтеді.

Зияткерлік турнирдің сұрақтары «Православная интернет-карусель» сайтында қолжетімді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді