ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
10.12.2024, 10:00

Астана және Қазақстан Митрополиті Александр мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевпен кездесуі өтті

Астана және Қазақстан Митрополиті Александр мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевпен кездесуі өтті

9 желтоқсан 2024 жыл. Астана. Республика Сенатында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен ел Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кездесуі өтті.

Кездесуге бас қаланың діни қауымының  құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) және Сенат аппаратының басшысы М.А. Споткай қатысты.

Кездесудің маңызды тақырыптарының бірі ағымдағы жылдың 22 қарашасында Мәскеудегі Патриархалдық резиденциясының

Данилов монастірінде өткен 

Қазақстан Сенаты Төрағасының және Бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кириллмен кездесуінің нәтижелерін талқылау болды. Мәулен Сағатханұлы Орыс православие шіркеуі жаһандық дінаралық диалогты нығайтуға және халықаралық деңгейде рухани дипломатияны дамытуға көмектесіп жатқанына және Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін өткізуді толық қолдайтынын баса айтты.

Тараптар «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбында Астанада өтетін VIII Съезге дайындық мәселелерін қозғады.

Митрополит Александр мен М.С. Әшімбаев Әулие Патриарх Кирилл ұсынған ХХ ғасырдағы қазіргі Қазақстан аумағында сенімі үшін азап шеккен православие иерархтары, дінбасылары мен сенушілердің есімін мәңгі қалдыру бастамасын жүзеге асыру туралы айтты. Православие дінін қудалау тарихын жақсы білетін Қасиетті Патриарх қазіргі Шымкент қаласының аумағында орналасқан 

Албастысайда (Лисья балка) мемориалдық шіркеу салуды ұсынды. Атышулы әлемге әйгілі Албастысай (Лисья балка) мыңдаған православиелік христиандар үшін өлім жазасына кесілетін және соңғы демін шығаратын орын болды. Олардың арасында Қазан митрополиті Кирилл (Смирнов), митрополит Иосиф (Петровых), архиепископ Алексий (Орлов), епископ Евгений (Кобранов), басқа да көптеген танымал архипасторлар мен діндар басшылары және сансыз қарапайым сенушілер бар.

Мәулен Сағатханұлы билеуші митрополитке Жоғары Мәртебелінің игі идеясы үкімет басшылығы тарапынан жауап алып, Лисья Балкада

ресми деректер бойынша 18 000-нан астам жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алуға арналған мемориалдық мешіт пен православиелік шағын шіркеу салынатынын хабарлады.

Митрополитік округ Басшысы Сенат Төрағасын Астана қаласында

Бүкіл қазақстандық әулиелердің құрметіне ғибадатханамен бірге православиелік білім беру орталығының құрылысы - рухани және мәдени маңызы бар жобаның жүзеге асырылуы туралы хабардар етті. Иерарх бұл жоба Қасиетті Патриарх Кириллдің батасын алғанын және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.Қ. Тоқаев пен Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы М.В. Мишустинаның келісімін алғанын атап өтті. Митрополит Александр сұхбаттасқа астаналық билік бөлген жер телімінің құрылысқа дұрыс дайындалғанын, қайырымды жандардың қолдауымен жұмыс басталып кеткенін жеткізді.

Кездесудің тағы бір тақырыбы – Қазақстанда алдағы жылы бірегей тарихи-археологиялық ескерткіш – Турин Жамылғысына арналған көрме өткізу мәселесін талқылау болды.

Митрополит Александр атап өткендей, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезіне орайластырылған бұл жобаның бастамашылары мен ұйымдастырушылары Қазақстанның Православие Шіркеуі, халықаралық қайырымдылық ұйымы «Kirche in Not»(«Қиындықта шіркеуге көмек) және Астананың Рим-Католиктік архиепархиясы болып табылады. Мәулен Сағатханұлына халықаралық деңгейде өзін мойындатып үлгерген «Турин Жамылғысы» көрмесі 

Германиядағы Мальта Егеменді орденінің Өкілдігінің бастамасымен жасалғаны жайлы хабарланды. Оған Турин жамылғысының нақты өлшемдегі көшірмесі және жасанды ғылыми зерттеулерге арналған экспонаттары кіреді. Көрме өз жұмысын келесі жылдың сәуір айында бастап, Астана, Қарағанды ​​және Петропавл қалаларында өтіп, Алматыда жұмысын аяқтайды деп жоспарлануда.

Архипастор М.С. Әшімбаевпен Митрополит округіне киелі жәдігерліктердің бір бөлігі және Мәскеулік қасиетті  Матрона шапанын әкелінгендегі қорытындысымен бөлісті. Билеуші митрополит республиканың бас қаласы – Астананы, Оңтүстік астанасы – Алматыны, еліміздің ірі облыс орталықтары мен қалаларын аз ғана уақыт ішінде аралап, қасиеттіге 300 мыңнан астам адам құлшылық етіп, рухани жұбаныш, нығаю және қолдау алған хабарлады.

Кездесу соңында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы мен Республика Парламенті Сенатының Төрағасы бірін-бірі келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, денсаулық және жұмыстарына табыс тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді