13 қаңтар 2025 жыл. Шымкент. Қала әкімдігінде Қазақстан Православ Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен мегаполис әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбековтің кездесуі өтті.
Кездесуге қатысқандар: Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф, Шымкент епархиясының хатшысы А.Б. Демин, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек, қалалық дін істері басқармасының басшысы Бақтияр Алтайұлы Үнербаев.
Шымкент қаласының әкімі мен Митрополиттік округ басшысы Жаңа жыл және Рождество мерекесіне орай құттықтаулармен алмасты. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаев өзінің Рождество мерекесімен құттықтауында «Православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді» деп атап өтті.
Митрополит билеушісі мен Шымкент қаласының атқарушы билігінің басшысы арасындағы талқылаудың басты тақырыбы тарихи және рухани маңызды жоба – Лися Балкада қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз өлтірілген көптеген иерархтарды, діни қызметкерлерді, монастырлердегілерді және сенушілерді еске алу үшін мемориалдық шіркеу тұрғызуды жүзеге асыру болды. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы әкімге Лися балкада жерленген мыңдаған православ христиандарының арасында Қазан митрополиті Кирилл (Смирнов), митрополит Иосиф (Петровых), архиепископ Алексий (Орлов), епископ Евгений (Кобранов) сияқты көрнекті архипастарлардың болғанын хабарлады.
Митрополит Александр Ғабит Әбдімәжитұлына өткен жылдың соңында Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевпен Мәскеуде өткен кездесуі кезінде мемлекет басшысының атынан 2025 жылдың 17-18 қыркүйегінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне ресми шақыруы берілгенін хабарлады. Митрополит билеушісі, Орыс Православие Шіркеуі Басшысының Қазақстан Президентінің шақыруын қабыл алғанын және қазіргі уақытта сапарға дайындық басталып кеткенін атап өтті.
Митрополиттік округ Басшысы Қасиетті Патриарх Кирилл мен Мәулен Сағатханұлы арасындағы әңгіме барысында, Жоғары Мәртебелі әлемге әйгілі Лися балкада сенімі үшін азап шеккендерді мәңгілік есте қалдыру тақырыбына тоқталғанын атап өтті.
Билеуші Мәсіх үшін құрбан болғандардың қатарында Шымкентке жер аударылған, Лися Балкада атылып, сол жерде жерленген Қазан митрополиті Кириллдің (Смирнов) есімін ерекше атап өтті.
Жоғары Мәртебелі Сенат Төрағасына, жас кезінде 1953 жылы Шымкентте қызмет еткен протоиерей Виктор Голубевтің митрополит Кирилл туралы әңгімелегенін айтып берді.
Митрополит Александр, сұхбаттасқа Қасиетті Патриарх Кирилдің игі бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевпен зерделей келе, жазықсыз өлтірілген қазақстандық екі жетекші дәстүрлі – Ислам мен Православие діні өкілдерінің соңғы демі таусылған Лисья балкада екі діни ескерткіш – православ шіркеуі мен мұсылман мешітінің құрылысын мақұлдағанын хабарлады.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы салынғалы жатқан православиелік мемориалдың жобасы Митрополиттік округтің сәулет комиссиясымен таңдалып дәне бекітілгенін айтып, қайырымдылық жасаушылардың қолдауымен және қала билігінің мейірбан көмегімен Қасиетті Патриарх Кириллдің Қазақстанға сапарына орай мемориалдық шіркеу түрғызылатынына сенімін білдірді.
Кездесу барысында Шымкент қаласының басшылығы мен Шымкент епархиясы арасындағы ынтымақтастыққа қатысты басқа да түрлі мәселелер талқыланды.
Достық жағдайда өткен кездесу соңында қаланың зайырлы билік органдарының басшысы мен Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы қазақ халқына қызмет етуде зор денсаулық және табыс тіледі.
Петропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
ТолығырақМитрополит Александр келіп жеткен Ұлы постта Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының бірінші оқылымын орындады
ТолығырақҚарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс күніне арналған іс-шараларға қатысты.
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр