ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
16.01.2025, 22:00

Алматыда Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі А.Г. Балаевамен кездесуі өтті

Алматыда Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі А.Г. Балаевамен кездесуі өтті

16 қаңтар 2025 жыл. Алматы. Республикалық Достық үйінде Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның кездесуі өтті.

Кездесуге Алматы православиелік теологиялық семинариясының ректоры м.а. протоиерей Евгений Иванов қатысты.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы мен мәдениет министрі Рождестволық және Жаңа жылдық мерекелеріне орай  құттықтаулармен алмасты.

Бүгінгі күні үкімет басшылығы мен дәстүрлі діндердің, ең алдымен, қазақстандық қоғамның рухани тірегі мен қанаты болып табылатын Исламның ханафи мәзһабы мен Православиелік жетекшілерінің алдында тұрақты адамгершілік және мәдени құндылықтарға негізделген Ұлы Дала елінің ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын сақтау, қоғамдағы конфессияаралық татулық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету – өзекті міндеттері тұрғаны атап өтілді.

Митрополит Александр мен Аида Ғалымқызы Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл жетекші қатысушыларының бірі болатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезіне дайындық мәселелерін талқылады.

Сұхбаттастар ел Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың бастамасымен Республика астанасында тұрақты түрде өткізіліп жатқан осы ауқымды халықаралық форумның дамуына оң баға берді. Геосаяси шиеленістің күшеюі жағдайында халықаралық және ұлтаралық қақтығыстардың өршуіне және таралуына жол бермеу үшін Съезд жұмысын диалогты нығайтуға және бүкіл әлемде бірлік пен келісімді сақтауға бағыттау және жандандыру қажет екендігі атап өтілді.

Аида Ғалымқызы мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздің діни бірлестіктерімен, соның ішінде Православие Шіркеуімен серіктестік байланыс орнатып жатқанын атап өтті. Өз кезегінде, билеуші митрополит Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық диалогты нығайту дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауға, сондай-ақ елдегі бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге үнемі септігін тигізетінін атап өтті.

Кездесу барысында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі және әлеуметтік желілерде конфессияаралық және ұлтаралық араздықты тудыратын жалған ақпарат пен арандатушылық сөздерге қарсы тұруға бағытталған жұмыстардың маңыздылығы сияқты кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Достық және іскерлік жағдайда өткен кездесу соңында архипастор мен министрлік басшысы Қазақстан игілігі жолындағы жұмыстарына сәттілік пен денсаулық тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді