29 қаңтар 2025 жыл. Көкшетау және Ақмола архиепископы Серапионның қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының ақпарат және әлеуметтік даму министрі А.Г. Балаева көңіл айтты.
Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы
Астана және Қазақстан митрополиті Александрға
Жоғары Мәртебелі!
Көкшетау және Ақмола архиепископы Серапионның қайғылы қазасы туралы хабарды біз терең қайғымен қабылдадық.
Ол құрметті дін қызметкері болды, дін мәселелерінде лайықты беделге ие болды және шіркеу мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты дамытуға елеулі үлес қосты.
Архиепископ Серапионның Қазақстан православиелік діні мен мәдениеті тарихындағы қызметіне баға жетпесі сөзсіз.
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан және жеке өз атымнан архиепископ Серапионның отбасы мен жақындарына шынайы көңіл айтуым мен қолдауымды қабыл алыңыз.
Министр Аида Балаева
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр