ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Халықаралық қатынастар
30.01.2025, 09:00

Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызметін аяқтағалы жатқан Беларусь Республикасының Елшісі П.В. Утюпинмен кездесті

Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызметін аяқтағалы жатқан Беларусь Республикасының Елшісі П.В. Утюпинмен кездесті

29 қаңтар 2025 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің әкімшілік-рухани мәдени орталығында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың Қазақстан Республикасындағы  Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі П.В. Утюпинмен кездесуі өтті.

Павел Владимирович Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап, Беларусь еліне оралғалы жатыр.

Кездесуге Қазақстандағы Беларусь Республикасы Елшілігінің кеңесшісі Д.В. Зорин қатысты.

Сәлемдесуден кейін дипломат Көкшетау және Ақмола архиепископы Серапионның (Колосницын) қайғылы қазасына байланысты көңілін айтып, марқұм архипастордың Қазақстан жеріндегі рухани өмірдің дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Иерарх Республикадағы жұмысын аяқтап жатқан елшіге Беларусь дипломатиялық миссиясы мен Қазақстан митрополиттік округі арасындағы диалогты дамытуға қосқан игі үлесі үшін алғысын айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Митрополит Александр П.В. Утюпинмен Митрополиттік округтегі Рождестволық мерекелерден алған әсерлерімен бөлісті, ондағы халықтың дәстүрлі шомылдыру рәсіміне, әсіресе мыңдаған тұрғындар иорданға шомылуға келген ел астанасы – Астанаға деген үлкен қызығушылықтың жалғасып келе жатқанын атап өтті.

П.В. Утюпин архипасторға  өзінің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.А. Нұртілеумен кездесуін, және оның барысында тараптар Беларусь пен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылағанын айтып берді.

Митрополит қонақты Қазақстан Республикасы Президенті Қ. – Ж.К. Тоқаевтың «Жемісті және белсенді жұмысы, елдер арасындағы достық пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін» берген Алғыс грамотасы мен «Алтын Барыс» төсбелгісі  - мемлекеттік ілтипат пен алғыс белгілерімен құттықтады.

Сұхбаттасушылар соңғы жылдардағы беларусь-қазақ қатынастарының дамуындағы оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті. Митрополит Александр елшінің екіжақты саяси, экономикалық және мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі жеке үлесін ерекше атап өтті.

Кездесуді еске алу үшін және одан алдағы жұмыс үшін бата ретінде Миттрополиттік округ басшысы П.В. Утюпинге Ұлы кнәз Александр Невскийдің белгішесін сыйға тартып, бұл әулие дипломатиялық қызметтің көктегі меценаты екенін атап өтті. Иерарх Қазақстан Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаев құтты кнәз Александрды «Ұлы дипломат» деп атағанын айтты.

Жайлы жағдайда өткен кездесу соңында тараптар игі істер мен бастамалардың жемісті болуына бір-біріне тілектестік білдірді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді