ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
31.01.2025, 17:00

Алматы епархиясының Өкілдері діни қызмет саласындағы заңнама мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты

Алматы епархиясының Өкілдері діни қызмет саласындағы заңнама мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты

30 қаңтар 2025 жыл. Алматы. «Best Western Union Plus» қонақ үйінің мәжіліс залында Қазақстан діни бірлестіктер Ассоциациясының  ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы діни қызмет және құқық қолдану практикасындағы заңнамалық нормаларға шолу» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға діни ұйымдардың өкілдері, заңгерлер мен құқық саласындағы сарапшылар қатысты.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен дөңгелек үстелге қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, Вознесенский соборының кілтшісі протоиерей Александр Суворов; Алматы православиелік рухани семинариясының оқытушысы мен заңгері Г.А. Жевлаков.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасындағы діни қызмет саласындағы құқықтық жауапкершілікке қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Жиналғандар діни бірлестіктердің құқықтары мен міндеттеріне, діни сенім бостандығына, діни ұйымдарды тіркеуге, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесінің механизмдеріне қатысты заңнаманың негізгі аспектілеріне талдау жасады.

Протоиерей Александр мен Глеб Андреевич өз сөздерінде конфессия өкілдері үшін құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын және мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасындағы диалогтың қажеттігін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар өзара құрмет пен құқықтық жауапкершілікке негізделген ынтымақтастықты одан әрі дамыту қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтуға ықпал ететіні туралы ортақ пікірге келді.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен заңнаманы жетілдіруде сындарлы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, мазмұнды пікірталас пен тәжірибе алмасу үшін жиналғандарға алғысын білдірді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді