31 қаңтар 2025 жыл. Көкшетау. Облыстық әкімшілік ғимаратында Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың кездесуі өтті.
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Д.Е. Айтбаев қатысты.
Аймақ басшысы Митрополиттік округ Басшысына архиепископ Серапионның (Колосницын) қайғылы қазасына байланысты көңіл айтты. «Билеуші 10 жылдан астам уақытын Көкшетау және Ақмола епархиясында қызмет етуге арнады. Ол біздің қоғамымыздағы татулық пен келісімді нығайтуға зор үлесін қосты. Ақмолалықтар оны сөзімен жүректеріне нұр ұялатып, қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсеткен кемеңгер де сезімтал рухани тәлімгер ретінде білетін», - деп атап өтті, Марат Мұратұлы.
Митрополит билеушісі облыс әкіміне Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Жарлығымен Көкшетау епархиясы басұармасының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалғаны туралы хабарлады.
Митрополит Александр мен М.М. Ахметжанов Митрополит округінің Көкшетау епархиясы мен Ақмола облысы әкімшілігінің одан әрі өзара іс-қимылына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр