10 ақпан 2025 жылы Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ғимаратында Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы А.Ж. Туралиевтің дәстүрлі конфессия өкілдерімен кездесуі өтті.
Іс-шараға қатысқандар: Ақтөбе және Қызылорда епархиясының басқарушылары епископ Игнатий, Ақтөбе епархиясының хатшысы, диакон Борис Фатеев, Ақтөбе қаласының имамдары және әкімдік қызметкерлері.
Епископ Игнатий православие сенушілері атынан Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы қызметін аяқтап жатқан Әлімбек Жәнібекұлына Ақтөбе епархиясының қызметіне қатысты мәселелерге мұқият және сенімді көзқарас пенжемісті ынтымақтастық үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Кездесуге қатысушылар өңірдегі конфессияаралық қарым-қатынастар дамуының оң серпінін қанағаттанушылықпен атап өтті.
Жақсы жағдайда өткен кездесу соңында тараптар игі істері мен бастамаларына сәттілік тіледі.
Митрополит Александр Құдай Анасының «Жоғалғандарды іздеу» иконы құрметіне арналған астаналық монастырдің басшысымен монастыр өмірінің өзекті мәселелерін талқылады
ТолығырақИеміз Қүдайдың Көкке Көтерілу мерекесінің аяқталуы мен Санкт-Петерборлық киелі Ксенияны еске алу күнінде митрополит Александр Астанадағы Александро-Невский шіркеуінде Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр