ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
18.02.2025, 12:00

Алматыда Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Е.Т. Қаринмен кездесуі өтті

Алматыда Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Е.Т. Қаринмен кездесуі өтті

17 ақпан 2025 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Православие Шіркеуінің әкімшілік және рухани-мәдени орталығында Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлы Қаринмен кездесуі өтті.

Сәлем алмасқаннан кейін митрополит Александр Е.Т. Қаринге  биыл құрылғанына 15 жыл толған Метрополиттік округінің тынысы туралы айтып берді.

Билеуші  Қазақстанның Православие Шіркеуі қызметінің басым бағыттарының бірі еліміздің көпұлтты халқының татулығы мен әл-ауқатын арттыру  үшін шіркеу институттары, мемлекеттік органдар, дәстүрлі конфессиялар мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайту болып табылатынын атап өтті.

Ерлан Тынымбайұлы мемлекет тарапынан дінаралық диалогты нығайту үшін қажетті жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті. Мемлекеттік кеңесші Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту және ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу жөніндегі бастамаларының жүзеге асырылу туралы айтты.

Кездесудің басты тақырыптарының бірі ағымдағы жылдың 17-18 қыркүйегінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндердің VIII Съезіне қатысу үшін Астанаға келетін Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы, Мәскеу және Бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кириллдің Қазақстанға сапарына дайындық барысын талқылау болды.

Митрополит Александр Ерлан Тынымбайұлын Астанадағы Успен кафедралды соборы жанындағы елшілерге тең Кирилл мен Мефодий атындағы православиелік рухани-мәдени орталығына  және Қазақстан Православие шіркеуінің тарихи-шіркеулік мұражайын көруге шақырды. Мемлекеттік кеңесші шақыруды ризашылықпен қабылдады.

Кездесу соңында сұхбаттасушылар бір-біріне Қазақстанның игілігі жолындағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Кездесудің естелігі ретінде Митрополит Александр Мемлекеттік кеңесшіге өзінің ғылыми еңбегі – «Орталық Азиядағы христиандықтың тарихы» кітабын және Митрополит округінің 2025 жылға арналған күнтізбесін табыс етті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді