22 ақпан 2025 жыл. Алматы. Қазақстанның тарихи және рухани інжуі – Вознесенский кафедралды соборына Қазақстан Республикасының Оңтүстік астанасында ресми сапармен жүрген Ресей Федерациясының спорт министрі Михаил Владимирович Дегтярев келді.
Алматы қаласының басты ғибадатханасында Қазақстан Православие шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен қонақты күтіп алғандар: собордың кілтшісі, Митрополит округі қоғамдық байланыстар бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов, Митрополит округінің Басшысы әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров және митрополиттік хаттамалық қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин.
Протоиерей Александр Ресей министріне Вознесенский соборының құрылыс тарихы туралы айтып, биылғы жылы ғибадатхананың заңды иесі – Православие Шіркеуіне қайтарылғанына 30 жыл толатынын атап өтті. Кілтші әкей келген қонақпен талантты сәулетші-инженер А.П. Зенковтың жобасы бойынша салынған собордың құрылу барысында сол кезең үшін инновациялық технологиялар мен сейсмикалық төзімділік принциптері қолданылғаны туралы құжаттық дәлелдермен бөлісті. Осы технологиялардың арқасында собор 1911 жылғы Верный қаласының көп бөлігін қиратып жіберген қорқынышты жер сілкінісіне төтеп берді.
Экскурсия кезінде Ресей министрі Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың бастамасы және батасымен 2017 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі мен ЮНЕСКО бақылауымен жүзеге асырылған ғибадатхананы кешенді кәсіби реставрациялау туралы мәлімет алды. Реставрация жұмыстарына Ресей, Сербия, Италия, Германия және Франциядан жоғары деңгейдегі жергілікті ғалымдар мен мамандар тартылды.
Протоиерей Александр өз әңгімесінде ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев соборды аралау барысында Митрополиттік округтің Басшысы мен кездескен кезде осы ауқымды реставрация жобасына жоғары баға беріп, оны «Қазақстанның жалпы халықтық қасиетті орнының екінші рет туылуы» деп атағанын атап өтті.
М.В. Дегтярев ғибадатхананың сыртқы келбетіндегі әсемдік пен ұлылықты және ішкі интерьлердің сұлулығын атап өтті. Ғибадатхананың ішіндегі Әлем Патриархы Кириллдің сыйы – «Нерукотворный образ Господа Иисуса Христа» белгішесі және митрополит Александрдың сыйы – Феодоровский-Алма-Атинский Қасиетті Богородица белгішесі, және ол Құдайдың Анасы белгішесінің дәл көшірмесі болып табылатын қасиетті орындары алдында министр шамдар жақты.
Ғибадатхананы аралағаны туралы естелік ретінде қонаққа Вознесенский кафедралды соборы туралы альбом сыйға тартылды. Михаил Владимирович экскурсия үшін дін қызметкерлеріне алғысын айтып, Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына ізгі тілектерін білдірді.
Петропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
ТолығырақМитрополит Александр келіп жеткен Ұлы постта Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының бірінші оқылымын орындады
ТолығырақҚарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс күніне арналған іс-шараларға қатысты.
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр