ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
29.03.2025, 15:45

Қазақстан Митрополиттік округі Басшысының елорда әкімі Ж.М. Қасымбекпен кездесуі өтті

Қазақстан Митрополиттік округі Басшысының елорда әкімі Ж.М. Қасымбекпен кездесуі өтті

29 наурыз 2025 жыл. Астана. Елорда әкімдігінде Қазақстан Православие Шіркеуі Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың мегаполис әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбекпен кездесуі өтті.

Кездесуге Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) қатысты.

Митрополит Александр Жеңіс Махмұдұлына Астана епархиясы мен елордалық құрметті өкілдік округінің өміріндегі өзекті оқиғалары туралы айтып берді.

Елордалық атқарушы билік басшысы митрополит Александрмен су тасқынының алдын алу жұмыстары туралы ақпаратпен бөлісті. Әкім барлығы 65 мың желілік арық-науа желілері тазартылғанын, 27 мың желілік метрден астам кәріз сулары шайылып, 1 мың 340 тоннадан астам лай шығарылғанын, жедел әрекет ету үшін азаматтық қорғау арнайы тобы құрылғанын баса айтты.

Әңгімелесу барысында Митрополиттік округтің Астана епархиясы мен Астана қаласы әкімшілігінің өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Митрополиттік округ Басшысы Жеңіс Махмұдұлына Мемлекет басшысының шақыруымен ағымдағы жылдың 16-21 қыркүйек аралығында Қазақстанға мемлекет басшысы Қ.- Ж.К. Тоқаевтың  шақыруымен Әлемдік және дәстүрлі діндердің VIII съезіне келетін Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің сапары туралы және Астанадағы Успен кафедралды соборында Литургия өткізетінін хабарлады.

Кездесудің маңызды тақырыптарының бірі Қазақстан жерінде жарқ еткен Бүкіл әулиелердің құрметіне мегаполисте ғибадатханасы бар рухани-мәдени және ағарту орталығын салу мәселесін талқылау болды. Иерарх бұл жоба Қасиетті Патриарх Кириллдің батасын алып, ел Президентінің қолдағанын атап өтті.

Еліміздің астанасында тұрғызылатын білім беру орталығы мен православие шіркеуі Республикадағы ең ірі орталық мешіт кешенімен бірге Қазақстан халқының рухани күш-қуатының, бірлігі мен тарихи-мәдени мұрасына адалдығының көрнекі көрінісіне айналатыны атап өтілді.

Достық жағдайда өткен кездесу соңында тараптар бір-біріне денсаулық, жұмыстарына табыс тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді