4 сәуір 2025 жыл. Рудный. Иоанно-Богословский кафедралды соборында Құдайлық Литургия аяқталғаннан кейін Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың қала әкімі В.Н. Ионенкомен кездесуі өтті.
Кездесуге Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа) қатысты.
Сәлем алмасқаннан кейін Виктор Николаевич архипасторға келгені үшін алғысын айтып, Қостанай өңіріндегі православие сенушілерінің өміріне ерекше көңіл бөлетіні үшін ризашылығын білдірді.
Әңгіме барысында әкім митрополит Александрды қаланың тыныс-тіршілігімен және Қазақстандағы темір рудасын өндіру және өңдеу бойынша ірі кәсіпорын – Рудный қаласының шекарасына жақын орналасқан Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бірлестігінің қызметімен таныстырды. В.Н. Ионенко өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында зауытты ауқымды жаңғырту жоспарланып отырғанын, бұл пайдалы қазбаларды өндіру көлемін ұлғайтып, оларды өңдеуді сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Иерарх Виктор Николаевичке мемлекет басшысы Қ.-Ж.К. Тоқаевтың әлемдік және дәстүрлі діндердің VIII Съезіне қатысуына шақыруымен Астанаға келетін Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы Мәскеу және Бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кириллдің Қазақстанға алдағы сапары туралы айтып берді.
Кездесудің басқа тақырыбы бірлескен мәдени-ағарту жобалары аясында қалалық әкімдіктің Митрополиттік округінің Қостанай епархиясымен өзара іс-қимылына қатысты мәселелерді қамтыды.
Сұхбаттасушылар Қостанай және Рудный епархиясының құрылғанына 15 жыл толуын мерекелеуге арналған қоғамдық және шіркеулік іс-шараларды өткізу мәселелерін талқылады.
Достық жағдайда өткен кездесу соңында митрополит Александр мен В.И. Ионенко бір-біріне денсаулық, жұмыстарына табыс тіледі.
Митрополит Александр Құдай Анасының «Жоғалғандарды іздеу» иконы құрметіне арналған астаналық монастырдің басшысымен монастыр өмірінің өзекті мәселелерін талқылады
ТолығырақИеміз Қүдайдың Көкке Көтерілу мерекесінің аяқталуы мен Санкт-Петерборлық киелі Ксенияны еске алу күнінде митрополит Александр Астанадағы Александро-Невский шіркеуінде Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр