17 сәуір 2025 жыл. Астана. Ақорданың Шығыс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрға жоғары мемлекеттік награда – 1-дәрежелі «Достық» орденін (орден Дружбы) табыс етті.
Салтанатты шараға қатысқандар: Астана приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев); Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Арқабайұлы Дәдебаев, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлы Қарин, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева.
Мемлекет басшысы атап өткендей, митрополит Александр жоғары марапат Қазақстандағы қызмет еткеніне 15 жыл толуына орай және оның бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы ерекше қызметтері үшін беріліп отыр.
Қазақстан Президенті митрополит Александрды және барлық православие дінін ұстанушыларды келе жатқан Қасиетті Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын ерекше атап өтті.
Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы мемлекет басшысына берілген орден үшін жылы лебізін білдіріп, бұл жоғары награда оның еңбегіне берілген баға ғана емес, сонымен бірге бүкіл Православие Шіркеуінің көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан халқының игілігі жолындағы қызметіне берілгендігін атап өтті.
«Достық» Ордені «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңымен бір дәрежеде құрылса, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 462-1 Заңымен екі дәрежеге бөлініп, жаңа кейіпке енген. «Достық» орденімен азаматтар қоғамдағы өзара келісімді сақтаудағы жемісті еңбегі, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы қызметі үшін марапатталады.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр