ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Халықаралық қатынастар
18.04.2025, 17:25

Молдова билігінің елге Қасиетті Отты әкелуге тосқауыл қоюына байланысты Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округі Синодының мәлімдемесі

Молдова билігінің елге Қасиетті Отты әкелуге тосқауыл қоюына байланысты Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округі Синодының мәлімдемесі

17 сәуір күні кешке православиелік әлемді, оның ішінде көптеген қазақстандық сенушілерді өзінің арсыздығымен дүр сілкіндірген оқиға болды. Молдова Республикасының билігі Молдова Православие Шіркеуінің ресми өкілі Бельцк және Фэлештск архиепископы Маркеллге Иерусалимге Қасиетті Отқа ұшуына кедергі келтірді.

Шіркеудің қоғаммен және БАҚ-пен өзара қарым-қатынасы жөніндегі Синодтық департаментінің төрағасы В.Р. Легойда бұл саяси акцияны «Молдавияның Православие Шіркеуінің сенушілерін, көптеген молдовалықтардың діни қауымдастығын мақсатты түрде мазақ ету» деп әділ және анық айтты. Владимир Романович тәжірибелі шіркеу және қоғам қайраткері бола отырып, молдовалық биліктің сорақы шешімінің мақсаты - Ұлы Сенбі күні ежелгі Иерусалим қаласынан жеткізілген қасиетті жәдігерге қол тигізу мүмкіндігінен адамдарды айыру ниеті екенін атап өтті.

Бір қызығы, Молдова билігі бір күн бұрын Румыния Патриархатының құрамына кіретін «Бессарабия митрополиттігі» өкілдеріне Кишиневке Қасиетті Отты әкелуге рұқсат берген.

Оқиғаға баға бере отырып, Молдова мен Приднестровье тұрғындарының 70 пайызын біріктіретін Молдованың канондық Православие Шіркеуі сенушілерінің құқықтарының бұзылғанын күйінішпен және ауырсынумен мойындауымыз керек.

Мұның бәрі ХХ ғасырдың ортасында Православиені жаугер атеистер рухтандырған айлакер әкімшілік қудалауына қайта оралуды еске салады. Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің епископаты, дінбасылары, монастырдегілері мен сенушілері Молдова Православие Шіркеуінің архипастырларына, дін қызметкерлеріне және діндарларына қысымның күшеюіне қарасты Бүкіл Молдова және Кишнев митрополиті Жоғары Мәртебелі Владимирді толықтай қолдайтынын мәлімдейді.

Біз халықаралық қоғамдастықты православиелік ар-ожданды әдейі қорлау фактісін және зайырлы биліктің Молдова Православие Шіркеуінің өміріне заңсыз араласуын айыптауға шақырамыз.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді