ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және қоғам
21.04.2025, 14:05

Митрополиттік округ Басшысы Алматы епархиясының қайырымдыларымен кездесті

Митрополиттік округ Басшысы Алматы епархиясының қайырымдыларымен кездесті

20 сәуір 2025 жыл. Алматы. Ұлы Пасха мерекесінің кешкі жоралғысы басталар алдында Вознесенский кафедралды соборындағы приход үйінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы епархиясының қайырымдылары – «Premier Group» ЖШС бас директоры Д.И. Горбашевпен, «Трансавиа» ЖШС бас директоры В.И. Матвеевпен және  «Groupauto Central Asia» директоры А.Б. Русановпен кездесті.

Кездесуге қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округі істерінің басшысы Қаскелең епископы Геннадий және Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан; Алматының Никольский соборының кілтшісі протоиерей Игорь Светличный; митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының басшысы иерей Георгий Сидоров; митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, салтанатты қызмет басталар алдында қайырымды жандар Митрополит округінің Басшысына Иеміздің Қасиетті Қабір Шіркеуінен Қасиетті Отты тапсырды.

Билеуші митрополит жиналғандарды Мәсіхтің Жарқын Қайта тірілу мерекесімен құттықтап, қасиетті Иерусалим қаласынан Қазақстанға Қасиетті Отты әкелуді ұйымдастырғаны үшін ктиторларға жылы лебізін білдірді.

Иерарх бұл қасиетті дәстүрдің 1997 жылдан бастау алғанын атап өтті: «Қазақстандық шіркеулерде Иерусалимнің киелі алауынан оттар алынып, шамдар жағылады. «Қасиетті От – біздің өміріміздегі Құдайдың қатысуының, жалынды сенім мен адамзат баласының Інжіл ақиқатының нұрымен жарықтануына деген ізгі үміттің символы», - деп атап өтті архипастор.

Қазақстан Православие Шіркеуінің игілігі үшін атқарылып жатқан еңбегін бағалап, Жоғары Мәртебелі мейірбандарды Митрополиттік округтің наградаларымен марапаттады: «Бейбітшілік пен келісім»  (Мир и Согласие) ордені – Д.И. Горбашев пен В.И. Матвеевке; «Еңбек үшін»  (За труды) ордені – А.Б. Русановқа табысталды.

Марапатталғандарды құттықтай отырып, митрополит Александр Мәсіхтің Шіркеуі үшін және жақындарының игілігі үшін жасалған игі істерді ешқашан ұмытылмайтынын - олардың есімдері Өмір кітабына жазылып, халық тарихының бір бөлігі болып табылатындығын атап өтті.

Әңгімелесу барысында епархияның қайырымдылық қызметіне қолдау көрсету, қасиетті орындарды қалпына келтіру және қасиеттілерді дамыту мәселелері талқыланды.

Шара соңында ұжымдық сурет түсірілді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді