20 сәуір 2025 жыл. Астана. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева қазақстандықтарды қасиетті Пасха мерекесімен құттықтады.
Сізді және Қазақстанның барша православиелік христиандарын Мәсіхтің Қайта тірілуі – Жарқын Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Пасха мерекесі біздің жүрегімізді қуаныш пен үмітке, ал қарым-қатынастарымызды өзара түсіністікке, жылулық пен қолдауға толтырады.
Пасха мерекесі біздің жүрегімізді қуаныш пен үмітке, ал қарым-қатынастарымызды өзара түсіністікке, жылулық пен қолдауға толтырады. Мәсіхтің Қайта тірілуі христиандарды ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтар мен мәңгілік жалпыадамзаттық идеалдарға бет бұрғызады.
Пасха дәстүрлері отбасылық ошақтың киелілігін, жақындарымызға деген мейірімділік пен сүйіспеншілікті, бір-бірімізге деген қамқорлық пен жанашырлықты еске салады. Адамгершілік бағдарларға сүйене отырып, бір-бірімізді сыйлап, қолдау көрсете отырып, біз елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтай білдік.
Сізді шын жүректен құттықтаймыз және қазақстандық қоғамда дінаралық диалог қағидаттарын ілгерілетуде одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.
Осы қуанышты күнде Сізге және сіздің қауымыңызға бақ-береке, зор денсаулық және әрбір шаңыраққа бақыт тілеймін!
Митрополит Александр Қазақстан Президентінің ел халқына жыл сайынғы жолдауын жарялау отырысына қатысты
ТолығырақҚазақстанның көктегі қорғаушысы - Алматы митрополиті қасиетті діндар Николайдың жәдігерлерінің ашылғанына 25 жыл (+БЕЙНЕЖАЗБА)
ТолығырақЖексенбі күні митрополит Александр Алматыдағы Вознесенский соборында Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр