Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Мәсіхтің Жарқын Қайта тірілу мерекесімен құттықтады.
«Сізді осы жарқын мереке – Пасха мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні Сізге ісіңізге шынайы берілгендігіңіз, игі істеріңіз бен қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтуға қосқан үлесіңіз үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді.
«Сіздің үлгіңіз еліміздегі бейбітшілікті, келісім мен өзара түсіністікті сақтауға ықпалын етуде», - делінген құттықтауда.
Елорда әкімі иерархқа және барша қазақстандықтарға денсаулық, амандық және игі бастамалардың орындалуын тіледі.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр