ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
құттықтаймын
22.04.2025, 22:05

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаев митрополит Александр мен мегаполис тұрғындарын Пасха мерекесімен құттықтады

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаев митрополит Александр мен мегаполис тұрғындарын Пасха мерекесімен құттықтады

Алматы қаласының әкімі Ерболат Асқарбекұлы Досаев мегаполис тұрғындарын Пасха мерекесімен құттықтады:

«Сіздерді Мәсіхтің Жарқын Қайта тірілуі – Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл көктем мерекесі ізгіліктің, үміт пен рухани жаңғырудың символы болып табылады және әрқашан құрмет, бейбітшілік және өзара түсіністік жағдайында атап өтіледі. Пасха жүрегімізді иманға толтырады, игі істерге шабыттандырады, әділдікке, мейірімділікке, өзара қолдауға деген ұмтылысты күшейтеді. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа ұқыптылықпен беріліп келе жатқан салт-дәстүрдің құдіретін, адамдық жылулық пен жақын адамдардың қолдауының маңыздылығын ерекше сезінетін уақыт».

Қалалық атқарушы билік басшысы «Алматы – әртүрлі ұлттар мен дін өкілдерінің үйі, және Пасха сияқты игі мерекелер біздің бірге болу, бір-бірімізді сыйлау және қолдау көрсету қабілетімізді еске салады. Дәл осы құндылықтар біздің туған қаламыздың тыныштығы, келісімі және тұрақты дамуының негізінде жатыр» деп атап өтті.

Е.А. Досаев Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына және Қазақстан халқына зор денсаулық, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді