ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
06.05.2025, 15:45

Алматыдағы Иверско-Серафимовский монастырінің ең қарт тұрғыны схимонахиняИринаға (Любицкая) Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай мемлекеттік медалі табыс етілді

Алматыдағы  Иверско-Серафимовский монастырінің ең қарт тұрғыны схимонахиняИринаға (Любицкая) Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай мемлекеттік медалі табыс етілді

5 мамыр 2025 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің әкімшілік және рухани-мәдени орталығының камин залында Оңтүстік астанадағы Иверско-Серафимовский әйелдер монастырының ең қарт тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, 100 жасқа толып жатқан  монахиня Иринаны (Любицкая) марапаттау рәсімі өтті.

Схимонахиня Ирина (Любицкая), Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге орай құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына (№ 825 2025 жылғы 26 наурыздағы) сәйкес Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мемлекеттік мерейтойлық медалімен марапатталды.

Награданы табыстау үшін Мемлекет басшысының атынан Медеу ауданының әкімі Е.Н. Оразалин келді. Марапаттау рәсіміне Астана және Қазақстан митрополиті Александр қатысты.

Іс-шараға қатысқандар: Православие шіркеуі тарапынан – Алматы православиелік теологиялық семинария ректорының м.а., Митрополиттік округтің ақпарат бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов; Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; Оңтүстік астананың Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің басшысы игумения Любовь (Якушкина) монастыр тұрғындарымен; зайырлы үкімет тарапынан – Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Н.М.Кікімов.

Еркебұлан Нұрланұлы жоғары награданы табыстай отырып, схимонахиня Иринаға ел Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың құттықтау сөзін жеткізді және ардагердің өмір жолы халыққа қызмет етудің, аянбай еңбек пен отансүйгіштіктің үлгісі екенін атап өтті. Е.Н. Оразалин ардақты анаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке тіледі.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр әкімге және оның тұлғасында Мемлекет басшысына Ұлы Отан соғысында халқымыздың Жеңіске жетуіне елеулі үлес қосқан тұлғаларға ерекше ілтипаты үшін алғысын білдірді. «Ұлы Жеңістің бүгінде баршамыз үшін орасан зор рухани-адамгершілік мәні бар. Біз соғыс жылдарында әкелеріміз бен аталарымыздың жасаған құрбандық ерліктеріне  лайықты болуға ұмтылуымыз керек. Фашистік обадан қандай бағамен еркіндіктің келгенін, жаңа ұрпақтың бейбітшілік пен достықта өмір сүру және еңбек ету мүмкіндігінің қалай алғанын есте сақтау маңызды. 

Майдан даласында төгілген қанмен бізге аманат етілген бауырластықты лайықты түрде сақтау керек. Қазақстан Президенті, аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай: « Сұрапыл соғыстың зардабын тартып, қаза тапқандарды ұмытпай, қаһарман ерлеріміздің рухына тағзым ету – баршаға ортақ парызымыз », – деп атап өтті архипастор.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді