18 мамыр 2025 жыл. Астана. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды туған күнімен Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева құттықтады:
Жоғары Мәртебелі!
Сіздің туған күніңізге орай шын жүректен құттықтауларымды және ізгі тілектерімді қабыл алыңыз!
Ұзақ жылдар бойы Сіз қоғамның рухани жаңғыруы мен жоғары адамгершілік құндылықтарына аянбай қамқорлық жасап, христиандық ізгілік, мейірімділік пен әділдіктің мұраттарын үгіттеп келесіз.
Сіз үшін есте қалатын осы күні бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, жастарды дәстүрлі адамгершілік құндылықтардың берік іргетасына тәрбиелеуге, дінаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталған күш-жігеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын.
Болашақта да жалпы адамзаттық құндылықтарға адалдық таныта отырып, Сіз қоғамдағы конфессияаралық татулық пен келісімді нығайтуға ықпал ететініңізге сенімдімін.
Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Митрополит Александр мен католик архиепископы Томаш Пэта Қазақстандағы христианаралық және діндераралық диалог мәселелерін талқылады
Толығырақ
Астана және Алматы епархиясының Шіркеу сотының төрағасының ақпараттық хабарламасы
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы Қазақстан жерінде даңққа бөленген Бүкіл әулиелер құрметіне салынып жатқан ғибадатхана кешенінің құрылыс алаңында болды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр