Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды туған күнімен құттықтады:
Құрметті митрополит Александр!
Сіздің Қазақстан Православие Шіркеуінің рухани көшбасшысы ретіндегі ісіңіз – бұл жоғары миссияға: қоғамдағы татулықты, сенімді, мейірімділікті және өзара түсіністікті нығайтуға қызмет ету . Сіз рухани дәстүрлерді құнттай отырып, диалогқа ашықсыз және адамдарды мейірімділік, жанашырлық пен жақынына деген сүйіспеншіліктің мәңгілік құндылықтары төңірегінде біріктіресіз.
Сіздің дана да салиқалы ұстанымыңыздың арқасында елордада түрлі діни бірлестіктер арасындағы өзара сыйластық пен сенім рухы нығайып келеді.
Сіздің рухани даналығыңыз, өмірлік бай тәжірибеңіз қазақстандық қоғамды қайта өрлету мен рухани жаңғырту ісіне қызмет ете берсін.
Сізге шын жүректен зор денсаулық, ұзақ та жемісті ғұмыр, сарқылмас күш-қуат пен асыл мұраттарыңызға береке тілеймін!
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр