20 мамыр 2025 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Православие Шіркеуінің әкімшілік және рухани-мәдени орталығында Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрға кездесуге Оңтүстік астананың дін істері басқармасының басшысы Н.М.Кікімов келді.
Нұрлан Медсантұлы иерархқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлы Қариннің құттықтауын жеткізді.
Құттықтауда былай делінген:
Жоғары Мәртебелі!
Сізді туылған күніңмен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздің Қазақстандағы қызметіңізге биыл 15 жыл толуының терең символдық мәні бар. Осы уақыт ішінде Сіздің ауқымды қоғамдық және ағартушылық қызметіңіз іргелі гуманистік идеяларды ілгері бастыруға, дәстүрлі және отбасылық құндылықтардың тамырын нығайтуға ықпал етуде.
Сіз конфессияаралық диалогты дамытуға және еліміздің мәдени әртүрлілігін сақтауға баға жетпес жеке үлес қосып келесіз. Жақында Сіздің ерен еңбектеріңіз жоғары мемлекеттік награда – 1-дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
Қазақстанның Православие Шіркеуі Сіздің басшылығыңызбен қоғамымызда келісім мен өзара түсіністікті нығайтуға бұдан былай да ықпал ететініне сенімдімін.
Сізге амандық және барлық шығармашылық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр