3 мамыр 2025 жыл. Астана. Республика Сенатында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың мемлекет Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевпен кездесуі өтті.
Кездесуге астаналық приходтардың құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) мен Сенат аппаратының басшысы М.А.Споткай қатысты.
Кездесуді аша отырып, Сенат Төрағасы митрополит Александрға Қазақстандағы бірлік пен дінаралық келісімді нығайтуға қосып жүрген елеулі үлесі үшін алғысын айтып, оны 1-дәрежелі «Достық» орденімен марапатталуымен құттықтады.
Қарым-қатынастың маңызды тақырыптарының бірі – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» атты тақырыпта өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезін талқылау болды. Екі жақтың пікірінше, бұл ауқымды форум Қазақстанның жаһандық конфессияаралық үнқатысу үдерісіне қосқан елеулі үлесі болып табылады және халықаралық аренада келісім, өзара түсіністік пен ынтымақтастық қағидаттарын нығайтуда ерекше орын алады.
Мәулен Сағатханұлы Православие Шіркеуінің жаһандық дінаралық диалогты нығайтуға және халықаралық деңгейде рухани дипломатияны дамытуға тұрақты түрде көмек көрсетіп келе жатқанын және оның Қазақстандағы Съездің басынан-ақ оның жұмысын жан-жақты қолдағанын баса айтты.
Сенат Төрағасы мен Митрополиттік округ Басшысы арасындағы талқылаудың ерекше тақырыбы Мәскеу және Бүкіл Ресей Әулие Патриархы Кириллдің Республикаға сапарының алдын ала бағдарламасын қарастыру болды. Съезге қатысумен қатар, Қасиетті Билеуші 21 қыркүйекте еліміздің бас шіркеуі – Астанадағы Успен кафедралды соборында ең қасиетті Қүдай Анасының Рождествосы мерекесінде Құдайлық Литургияны өткізеді, сондай-ақ Христос Шіркеуінің жаңа шейіттерінің ерліктері мен азапты қазасына және Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері тұтқындарының жаппай жерленген «АЛЖИР» жеріне барады, қазақстандық архипастарлармен және үкімет басшылығымен кездеседі, ғибадатхананың құрылыс алаңында болады және Қазақстан жерінде жарқыраған Бүкіл Әулиелер атындағы рухани-ағарту орталығына барады дее күтілуде.
Митрополит Александр мен М.С. Әшімбаев ХХ ғасырда қазіргі Оңтүстік Қазақстан аумағында сенімі үшін жапа шеккен православие иерархтары, дінбасылары мен діндарларының есімін мәңгі қалдыру мақсатында Қасиетті Патриарх Кирилл ұсынған бастаманы жүзеге асыру туралы сөйлесті. Православиенің қудалау тарихын жақсы білетін Қасиетті Патриарх қазіргі Шымкент қаласының аумағында орналасқан Лися балкада естелік-шіркеу салуды ұсынды.
Әйгілі Лися балка мыңдаған православиелік христиандар үшін өлім жазасына кесілген және соңғы ақтық демі таусылған орын болды. Олардың арасында - Қазан митрополиті Кирилл (Смирнов), митрополит Иосиф (Петровых), архиепископ Алексий (Орлов), епископ Евгений (Кобранов), басқа да көптеген атақты архипасторлар мен тәлімгерлер және сансыз қарапайым сенушілер болды.
Билеуші митрополит Мәулен Сағатханұлына 11 мамырда Лися балкада өткен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызының қатысуымен жұмыс кездесуінен кейін өткен Шымкент қаласындағы жаңа шейіттерінің құрметіне салынып жатқан шіркеу құрылысы іргетасына крест пен төсейтін тасты қасиетті ету рәсімі болғанын хабарлады. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаев нұсқауына сәйкес Лися балкада жазықсыз қаза тапқан, тек ресми деректер бойынша 18 мыңнан астам адамды еске алу мақсатында биыл мемориалдық мешіт пен православиелік шағын шіркеу салынатын болады. Патриарх Кирилл жаңадан салынған шағын шіркеуді қасиетті етіп, жаңа шейіт болғандар мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімін өткізеді деп күтілуде.
Митрополиттік округ Басшысы Сенат Төрағасына рухани және мәдени маңызы бар жоба – Астанада православиелік білім беру орталығы мен Бүкіл қазақстандық әулиелер құрметіне арналған шіркеуі құрылысының жүзеге асырылуы туралы айтып берді. Иерарх сұхбаттасушымен бір күн бұрын болашақ шіркеу рухани-ағарту кешенінің құрылыс алаңын аралауынан және аяқталған жұмыстармен танысудан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.
М.Ә.Әшімбаев митрополит Александрды мемлекет басшысының айтуынша, білім беру және қоғамдық белсенділікті жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды ілгерілетуге, этносаралық және конфессияаралық диалогты үдемелі дамытуға ықпал ететін Қазақстан Православие Шіркеуінің канондық және құқықтық мәртебесінің бекітілгеніне 15 жыл толуымен құттықтады.
Кездесу соңында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы мен Республика Парламенті Сенатының Төрағасы бір-біріне денсаулық және жұмыстарына сәттілік тіледі.
Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы Ресей елшісі А.Н. Бородавкинмен кездесу өткізді
ТолығырақАстанада Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының Ватикан Елшісімен кездесуі өтті
ТолығырақҚазақстан Митрополиттік округінің ғибадатханалары мәңгі есте қалатын архиепископ Елевферийді (Козорез) еске алды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр