11 маусым 2025 жыл. Алматы. «Rahat Palace» қонақүйінің конференц- залында Ресей Күнін мерекелеуге арналған салтанатты қабылдау өтті. Іс-шараны Ресей Федерациясының Оңтүстік астанадағы Бас консулдығы ұйымдастырды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың басшылары, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен мүшелері, қалалық ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың батасымен және Ресей Федерациясының Оңтүстік астанадағы Бас консулы Д.А. Тураевтың шақыруымен қабылдауға қатысқандар: Астана епархиясының викарийі Қазақстан Православие Шіркеуінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий; Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, Митрополит округінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Протоиерей Александр Суворов; Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округі мәдениет басқармасының басшысы Л.Е. Горичева; Орталық жексенбілік мектеп директоры Г.В. Черепанова.
Кеш басталар алдында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Одан кейін Ресейдің Бас консулы Д.А. Тураев құттықтау сөзін айтты.
Митрополиттік округ басшысы және Қазақстанның бүкіл Православие Шіркеуінің атынан епископ Геннадий жиналғандарды Ресей Федерациясы күнімен құттықтады.
Іс-шара барысында Ресейдің Бас консулы Д.А. Тураев Қазақстан Митрополиттік округі мәдениет басқармасының басшысы Л.Е. Горичеваға алғыс хатты табыс етті.
Ресми бөлімнен кейін мерекелік кешке қатысушылардың назарына концерттік музыкалық және хореографиялық бағдарлама ұсынылды.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр