13 маусым 2025 жыл. Астана. Орталық коммуникациялар Қызметінің ғимаратында Игорь Иванович Роговтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссияның отырысы өтті.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен іс-шараға
Успен соборының кілтшісі иеромонах Димитрий (Байдек) қатысты.
Отырыс барысында Конституциялық Соттың Төрайымы Әзімова
Эльвира Әбілхасымқызы адам құқықтарын қорғаудағы конституциялық бақылаудың рөлі мәселесі жайлы сөйледі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің азаматтардың банктік және өзге де қаржылық қызметтерді алу құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі туралы ақпаратты оның төрайымы Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова мәлім етті.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша еліміздегі адам құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленді.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр