30 маусым 2025 жыл. Мәскеу. Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың шақыруымен қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София атындағы шіркеуіндегі Патриархалдық қоналқалық үйіндегі Қазақстан Православие Шіркеуінің Өкілдігіне Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абаев Дәурен Әскербайұлы келді.
Кездесуге қатысқандар: Қазақстан Православие Шіркеуінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, шіркеу ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархалдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников және қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы Софияатындағы шіркеуінің кілтшісі иеромонах Антоний (Дробязко).
Митрополит Александр қонаққа шіркеу ішінде экскурсия өткізіп, Миустегі ежелгі астаналық приходтың тарихы және 2012 жылғы 14 наурызда Патриархалды кешенде Мәскеу және бүкіл Ресей Әулие Патриархы Кириллдің батасымен ашылған Митрополит округі Өкілдігінің қызметі туралы айтып берді. Жоғары Мәртебелі Патриархалдық қоналқалық үйіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың келгенін атап өтті.
Митрополит билеушісі XIX ғасырдың мәдениет пен сәулет ескерткіші болып табылатын және федералдық маңызы бар шіркеуде қайырымдылық жасаушылардың қолдауымен үш жарым жыл бойы толық көлемде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтіп, шіркеу аумағын абаттандыру, ғимараттар жөндеу мен қосалқы құрылыстардың жоспарларымен бөлісті.
Содан соң иерарх Өкілдіктің әкімшілік ғимаратында қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысымен әңгімесін жалғастырды. Кездесудің басты тақырыбы Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысы, Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің Қазақстанда ағымдағы жылдың 17-18 қыркүйегінде өтетін әлемдік және дәстүрлі діндердің VIII Съезіне қатысу үшін Астанаға келетін сапарына дайындық барысын талқылау болды.
Митрополит Александр мен Дәурен Әскербекұлы Қасиетті Патриарх Кириллдің бастамасы - қазіргі Шымкент қаласының аумағында орналасқан Лися балкада Мәсіх үшін азап шеккен сансыз жазықсыздарды еске алуға арналған мемориалдық шағын шіркеуді тұрғызу туралы әңгімелесті. Митрополит билеушісі келген қонаққа 11 мамырда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның қатысуымен өткен жұмыс кездесуінен кейін Лися балкада өткен Шымкенттің жаңа шейіттерінің құрметіне арналған мемориалдық шағын шіркеудің кресті мен іргетасын қасиетті ету рәсімі болғаны туралы хабарлады. Ел Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың нұсқауына сәйкес, Лися балкада тек ресми деректер бойынша жазықсыз қаза тапқан 18 000 астам адамды еске алу мақсатында биыл мемориалдық мешіт пен православиелік шағын шіркеуі салынатыны атап өтілді. Жоғары Басшы жаңадан салынған шіркеуді қасиетті етіп, онда жаңа шейіттерді мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін алғашқы ғибадат ету рәсімін өткізеді деп күтілуде.
Әңгімелесу барысында Митрополиттік округ Басшысы Д.А. Абаевқа Қасиетті Патриарх Кириллдің батасымен және мемлекет басшысының мақұлдауымен жүзеге асырылып жатқан Қазақстан жерінде жарқыраған барша әулиелердің құрметіне Астанада рухани-мәдени және білім беру орталығының құрылысының барысы туралы айтып берді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы мен дипломатиялық миссия басшысы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы діни өмірдің түрлі аспектілерін талқылады. Екі тарапты да қызықтыратын кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасу болды.
Достық жағдайда өткен кездесу соңында митрополит Александр мен Д.А. Абаев ізгі тілектерімен алмасып, Қазақстанның дипломатиялық миссиясы мен Қазақстанның Православие Шіркеуі игі ынтымақтастығы жалғаса беретініне сенім білдірді.
Архиепископ Владимир Петропавл қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында монастырлық тонсураны өткізді
ТолығырақҚазақстанның Ресейдегі Елшісі Д.А. Абаев Мәскеудегі Қазақстан митрополиттік округінің Өкілдігінде болды
ТолығырақЕлуінші күн мейрамынан кейінгі 3-ші аптада Астана епархиясы викарийлерінің қызмет етуі
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр