16 шідде 2025 жыд. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени және әкімшілік орталығында Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогпен кездесуі өтті.
Кездесудің алдында Франция елшісі еліміздің тарихи және рухани інжу-маржаны – Вознесенский кафедралды соборына барды. Митрополит Александрдың батасымен мәртебелі қонаққа және оған ерген адамдарға экскурсияны Митрополит округі Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров жүргізді. Ол дипломатқа ғибадатхананың салыну тарихы мен қазіргі өмірі туралы айтып берді. Қонақтар ғибадатхананың киелі жәдігерлерінің алдында, соның ішінде Мәскеу және бүкіл Ресейдің Патриархы Кириллдің сыйлығы – «Иеміз Иса Мәсіхтің қолмен жасалмаған бейнесі» белгішесі және митрополит Александрдың сыйлығы – пайда болған Аспан патшайымының ғажайып белгішесімен «мера в меру» нақты тізімі болып табылатын Ең Қасиетті Құдай Анасының Феодоровский-Алматылық белгішесінің алдында шырақтар жақты.
Митрополит Александр мен Сильван Гиогтің әңгімесі рухани-мәдени орталықтың камин бөлмесінде өтті. Кездесуге қатысқандар: Алматы православиелік рухани семинариясының ректоры протоиерей Евгений Иванов, Митрополит округі Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; елшіліктік қызметкерлері – саяси мәселелер бойынша кеңесші Т.Наджар және пресс-атташе А.Сағымбаева.
Архипастор дипломатиялық миссия басшысын Францияның ұлттық мерекесі – Бастилияны алу Күнімен құттықтады. Сильван Гиог бұның алдындағы Ұлттық күнді атап өткеннен бері Франция мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар қарқынды дамып, кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Елшінің айтуынша, өткен жыл маңызды оқиға – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапарымен ерекшеленді, бұл 2008 жылы жасалған стратегиялық әріптестіктің тереңдей түскенін растады. Дипломат Вознесенский кафедралды соборын көргендегі жақсы әсерлерімен бөлісті. Билеуші митрополит қонаққа шіркеуді 2017-2020 жылдары жүргізілген ауқымды кәсіби қалпына келтіру жұмыстары туралы толықтай айтып берді. Барлық жұмыстардың іске асуы Қазақстан, Ресей, Сербия, Италия, Германия, Франциядан жоғары деңгейдегі кәсіби мамандарын тартумен, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен ЮНЕСКО-ның қадағалауымен жүргізілгені айтылды. Иерарх мемлекет басшысы Қ.-Ж.К. Тоқаевтың жүзеге асырылған ауқымды жобаны «жалпықазақстандық қасиеттінің екінші рет дүниеге келуі» деп атағанын баса айтты.
Сұхбаттасу барысында архипастор Сильван Гиогке биыл ерекше күн – канондық және құқықтық мәртебесінің құрылғанына 15 жыл толып жатқан Метрополиттік округінің өмірі туралы және әлемдік және Республикаға дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне қатысу үшін келетін Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы, Мәскеу және Бүкіл Ресей Қасиетті Патриархы Кириллдің Қазақстанға сапарының дайындығы туралы айтып берді.
Сұхбаттасушылар әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі жұмысының өзектілігі мен маңыздылығын талқылады. 2003 жылдан бері Қазақстанның астанасында әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі дін, саяси және қоғам қайраткерлерін жүйелі түрде бастарын қосатын форум конфессияаралық және ұлтаралық диалогты жүзеге асырудың бірегей алаңы ретінде танылғаны атап өтілді. Өзара пікір бойынша, форум әртүрлі мәдениеттер мен конфессиялардың көшбасшылары және көрнекті өкілдері арасындағы қарым-қатынасты сындарлы дамыта отырып, біздің заманымыздың дағдарыстарына, сын-қатерлеріне және зиянды құбылыстарына лайықты жауап болып табылатын адамгершілік және рухани құндылықтарға негізделген қоғамның біртұтастығына қызмет етеді.
Әңгімелесу барысында Қазақстанның екі жетекші конфессиясы – ханафилік Ислам мен Православиелік христиандықтың өзара ықпалдастығы талқыланды. Митрополит Александр қоғамдық өмірде рухани-адамгершілік құрамдас бөлікке үлкен мән беретін Респубика Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық және дінаралық диалогты дамытудағы шоғырландырушы рөлін атап өтті.
Елші билеуші митрополитке өзінің өмірбаянының негізгі фактілерімен таныстырып, Францияның Сыртқы істер министрлігіндегі қызметі, Ресей, Әзірбайжан, Түркия және Польшадағы дипломатиялық қызметі туралы айтып берді.
Митрополиттік округ Басшысы дипломатты 1 тамызда Қазақстан астанасындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін Қазақстанның Православие Шіркеуінің, «Kirche in Not» халықаралық қайырымдылық ұйымы («Қиындықтағы шіркеуге көмектесу»), Астананың Рим-Католиктік архиепархиясы мен Мальта орденініңбірлескен күш-жігерімен ұйымдастырылған бірегей тарихи-археологиялық ескерткіші – Турин Жамылғысына арналған көрменің ашылуына қатысуға шақырды.
Архпастор мен С. Гиог Митрополит округі мен Францияның дипломатиялық миссиясы арасындағы бірлескен білім беру, мәдени және ағартушылық бағдарламаларын жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Дипломатиялық миссия басшысы митрополит Александрды Қазақстанның бас шіркеуі – Успен кафедралды соборына және Астанадағы апостолдарға тең Кирилл мен Мефодий атындағы әкімшілік және рухани-мәдени орталыққа баруға шақыруын қабыл алды.
Кездесуді еске алу мақсатында Митрополит Александр Сильван Гиогке «Вознесенский кафедралды собор» кітап-альбомын және қазақ тілінде жарық көрген інжіл кітаптары – Матфей Інжілі, Псалтир және Соломоновтың нақыл сөздерін сыйға тартты. Архипастор Киелі кітапты қазақ тіліне аудару жұмыстары жалғасып жатқанын және ұлты мен діни көзқарасына қарамастан көптеген қазақстандықтардың оң жауабын алып жатқанын атап өтті. Иерархтың қонаққа тағы бір сыйлығы оның «Орталық Азиядағы христиандық» атты ғылыми еңбегінің иллюстрациялық басылымы болды.
Жақсы жағдайда өткен кездесудің соңында тараптар игі істер мен бастамаларында сәттілік тілектерімен алмасты.
Митрополит Александр өзінің тақ мерекесін атап өтіп жатқан Қарабұлақ ауылындағы Бекзат азаптау еркіне көнгендердің шіркеуінде Литургияны өткізді
ТолығырақАлматыда митрополит Александрдың Францияның Қазақстандағы елшісі С.Гиогпен кездесуі өтті
ТолығырақМитрополит Александр Қазақстанның көктегі қоғаушылары – Алматының Серафим мен Феогност қасиетті шейіттеріне дұға бағыштады
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр