ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
31.07.2025, 16:10

Қасиетті Патриарх Кириллдің Қазақстанға Жоғары Басшылық сапарына дайындық шеңберінде Митрополит Александр қазақстандық парламентшілермен жұмыс кездесуін өткізді.

Қасиетті Патриарх Кириллдің Қазақстанға Жоғары Басшылық сапарына дайындық шеңберінде Митрополит Александр қазақстандық парламентшілермен жұмыс кездесуін өткізді.

30 шілде 2025 жыл. Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылы (Малиновка). Астана және Қазақстан митрополиті Александр Ақмола лагерінде Отанын сатқандардың әйелдері – АЛЖИРде Мәсіх үшін азап шеккен 12 жаңа шейіттің есіміне арналған шіркеуге барды. Иерархты Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) және көмекші И.Е. Яценко алып жүрді.

Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысы Мәскеу және Бүкіл Ресей Әулие Патриархы Кириллдің ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстанға сапарына дайындық аясында Митрополиттік округ Басшысы мемлекеттік органдардың өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Отырысқа қатыстқандар: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ж.К. Асанов, Парламент Сенатының Ақмола облысынан сайланған депутаты Н.Ж. Бекенов, Ақмола облысы дін істері басқармасының басшысы Б.Н. Қасенов, Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі Д.С.Сабырғали, аудан және ауыл әкімдіктерінің басшылығы мен құқық қорғау органдарының өкілдері; Ақмола жаңа шейіттері шіркеуінің басшысы иерей Сергий Лубневский.

Кездесуге қатысушылар ғибадатхананы аралады, одан кейін әңгімелесу барысында ғибадатханаға жақын аумақты абаттандыру, жол жамылғысын жөндеу және автотұрақ аймағын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында автотұрақтарды орналастыру жоспары таныстырылып, алға қойылған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін шаралар кешені әзірленді.

Митрополит Александр парламентшілер мен атқарушы билік өкілдеріне Ақмола лагерінде Отанын сатқандардың әйелдері – АЛЖИРде Мәсіх үшін азап шеккен жаңа шейіттердің ерліктері мен азапты өлімін дәріптеу, сондай-ақ осы репрессия жылдар ішінде қаза тапқандарды еске алу мақсатында тұрғызылған мемориалдық шіркеудің тынысына мән беріп  қарағандары үшін алғысын білдірді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді