24 қыркүйек 2025 жылы Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий осы қаладағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Ресейдің Өскемендегі Бас консулдығының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу Өскемен және Семей епархиясының Рухани-әкімшілік ғимаратында өтті.
Кездесуге қатысқандар: епархия хатшысы диакон Илья Кван, Ресей Федерациясының Өскемен қаласындағы консулы Маргарита Юрьевна Ардякова және Бас консулдығының кеңсе басшысы Игорь Николаевич Ардяков.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Өскемен епархиясынымен адал қызметі мен жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс белгісі ретінде консулдық қызметкерлері Митрополит округінің шіркеу наградаларымен марапатталды.
М.Ю. Ардякова «Еңбек үшін» («За труды») орденімен, ал И.Н. Ардяков «Бейбітшілік пен келісім» («Мир и согласие») орденімен марапатталды. Бұл наградалар Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы бауырластық байланыстарды нығайтуға және рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауға күш салған ерекше құрмет пен алғыстың белгісі болды.
Архиепископ Амфилохий шіркеудің алғыс белгілерін ұсына отырып, дипломаттармен ынтымақтастық әрқашан бауырластық қолдау мен өзара түсіністікпен сипатталатынын атап өтті.
«Шіркеу халықтар арасындағы келісім мен бейбітшілікті нығайтуға үлес қосып жүргендерді құрметтейді. Иеміз Құдай халықаралық ынтымақтастықтың биік мұраттарына үздіксіз қызмет етуіңізге батасын берсін", - деп атап өтті билеуші.
Бас консулдықтың өкілдері өз жауабында архипасторға жылы қарсы алғаны және олардың еңбегін жоғары бағалағаны үшін шын жүректен алғыстарын білдірді. Дипломаттар достық, сенім және рухани бірліктің белгісі ретінде берілктін шіркеулік наградаларына ие болу үлкен құрмет екенін атап өтті.
Жексенбілік күні Фома апостолын еске алу күні Митрополит Александр Мәскеудегі Митрополиттік округінің Өкілдігінде Литургияны өткізді
ТолығырақОрал епархиясының ең қарт клиригі архидиакон Василийдің (Крюков) жаназасы өтті
ТолығырақМитрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов VI Еуразиялық шығармашылық форумға қатысты
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр