ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
01.10.2025, 14:00

Қазақстандық және ресейлік парламентшілерінің делегациясы Өскемен епархиясының бас шіркеуінде болды

Қазақстандық және ресейлік парламентшілерінің делегациясы Өскемен епархиясының бас шіркеуінде болды

26 қыркүйек 2025 жыл. Өскемен. 

Рудный Алтай астанасында ресми сапармен жүрген Қазақстан және Ресей парламентшілерінің делегациясы Андреевский соборы мен Өскемен және Семей епархиясының рухани-әкімшілік орталығында болды.

Делегация құрамында болғандар: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ж.Қ. Асанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты О.А. Булавкина, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары А.В. Яцкин, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Д.С.Рыпаков,

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиев, Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Ж.Ж. Мекеева, Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Н.Е. Бектұров.

Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий мәртебелі қонақтарды Рудный Алтай астанасындағы бас собор алаңында қарсы алды. Сапар барысында парламентшілер Андреевский соборының сәулетімен танысты және аймақтағы маңызды рухани және мәдени мұра нысандарының бірі – Троица бекініс соборын тамашалады.

XVIII ғасырда салынған бұл бірегей храм Қазақстандағы орыс шіркеу сәулет өнерінің көрнекті үлгісі болып табылады және сәулет ескерткіші мәртебесіне ие.

Қонақтар сонымен қатар епархия басқармасы жанындағы шіркеулік-археология кабинетінде болып, онда Шығыс Қазақстандағы Православие Шіркеуінің тарихымен, өңірдің рухани өмірімен, киелі жәдігерлермен, мұрағат материалдарымен таныса  алды.

Сапар соңында делегация мүшелері епископ Амфилохиге сапары және жылы қабылдауы үшін алғыстарын айтып, Қазақстан мен Ресей халықтары мен конфессиялары арасындағы достық байланыстардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді