22 желтоқсан, 2025 жыл. Астана.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр елорда әкімдігінде болып, атқарушы билік өкілдерімен және мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен кездесті.
Архипастырьді қалалық приходтардың құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Константин-Елена соборының кілтшісі протоиерей Сергий Калиев және митрополиттің көмекшісі И. Яценко алып жүрді.
Митрополитік округтің Басшысы Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нүркеновті және мемлекеттік қызметшілерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, оларға шіркеулік құрмет белгілерін табыс етті. Мемлекеттік–шіркеулік қатынастарды дамытуға қосқан еңбегі, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарды нығайтуға сіңірген қызметі, сондай-ақ Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Қасиетті Кириллдің Қазақстан Республикасына жасаған сапарын ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін Қазақстан Православие Шіркеуінің жоғары марапаттарына ие болғандар:
Митрополит Александр марапатталғандарды құттықтап, оларға рухани және тән саулығын, амандық пен елдегі ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді нығайту жолындағы қызметтеріне берекелі табыс тіледі.
Митрополитік округтің Басшысы өткелі жатқан жылдың Қазақстан Республикасы үшін маңызды оқиғаларының бірі ретінде Астанада Қасиетті Патриарх Кириллдің жеке қатысуымен өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезін атап өтті. Билеуші митрополит Жоғары Мәртебелінің «астаналық форум әлемнің жетекші діни қауымдастықтары өкілдерінің ынтымағын және халықтар арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуге деген ұмтылысын тағы бір мәрте көрсетті» деген сөзін келтірді. Архипастырь Қасиетті Патриарх Кириллдің Президент Қ.-Ж.К. Тоқаевтың шіркеу–мемлекеттік ынтымақтастықты нығайтуға және тату көршілік байланыстарды дамыту мен дінаралық бейбітшілікті сақтауға бағытталған бастамаларға көрсетіп отырған ықыласын жоғары бағалайтынын, сондай-ақ мемлекеттік билік пен Митрополитік округ арасындағы өзара игі іс-қимыл замандастардың адамгершілік тұрғыдан өсуіне және елдің өркендеуіне алдағы уақытта да ықпал ететініне үміт білдіретінін атап өтті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр