27 қыркүйек 2024 жыл. Астана. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрды архипастырлық қызметіне 35 жыл толуына орай құттықтады:
Жоғары Мәртебелі!
Сіздің архипасторлық қызметіңізге 35 жыл толуына орай шын жүректен құттықтаулар мен ізгі тілектерді қабыл алыңыз!
Сіздің Қазақстан Православие Шіркеуінің приходтарының игілігі жолындағы көп жылдық рухани еңбегіңіз үлкен құрмет пен жоғары бағаға лайық.
Сіздің даналығыңыз және діндарларға деген үнемі қамқорлығыңыз шынайы ықыласыңыздың дәлелі және рухани көшбасшылықтың нағыз үлгісі болып табылады.
Көпконфессиялы Қазақстандағы бейбітшілікті, бірлік пен қоғамдық келісімді сақтаудағы Сіздің үлесіңіз ерекше құнды. Сіздердің қызметтеріңіз жастардың рухани және адамгершілік тәрбиесін нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Жоғары Мәртебелі, Сізге зор денсаулық, бақ-береке және Шіркеу мен Қазақстан халқының игілігі жолындағы асыл рухани қызметіңізге одан әрі табыс тілеймін.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр