ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
құттықтаймын
28.09.2024, 11:00

Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы М.В. Мишустиннің Астана епархиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай құттықтауы

Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы М.В. Мишустиннің Астана епархиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай құттықтауы
28 қыркүйек 2024 жыл. Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Владимирович Мишустин Қазақстан Православие Шіркеуінің Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл толуымен Астана және Қазақстан митрополиті Александрды құттықтады: 
 
Жоғары Мәртебелі!
 
Қазақстан митрополиттік округінің Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл толуына  шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз.
 
Ширек ғасыр бойы Астана епархиясы, бүкіл Қазақстан митрополиттік округі православиелік дәстүрлерді сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық байланыстарды нығайтуға, Ресей мен Қазақстан арасындағы достық, әріптестік және одақтастық қатынастарды дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Епархия қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен, ғалымдармен, педагогтармен, өнер қайраткерлерімен жемісті ынтымақтастықта. Қайырымдылық және ағартушылық қызметке, әлеуметтік бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруға, шіркеулер мен монастырларды қалпына келтіруге бағытталған діни қауымның орасан зор күш-жігерін жоғары бағаламау мүмкін емес.
 
Мерейтойлық іс-шаралар аясында Қазақстанның монастырлары мен шіркеулеріне ұлы орыс қасиеттісі – бүкіл әлемде құрметке ие Мәскеудің қасмиетті Матронасының жәдігерліктерін әкелу маңызды оқиға болып табылады. Бұл ортақ тарихпен, бауырластық, өзара сыйластық пен сенімге негізделген халықтарымыздың байланысының бұдан әрі қарай нығаюына ықпал етеді.
 
Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округін басқаратын Астана және Қазақстан митрополиті Александрға ерекше алғысымды білдіремін. Сіздің көп жылғы архипастарлық қызметіңіз, игі істеріңіз, сенушілерге деген қамқорлығыңыз үлкен құрмет пен шынайы алғыс сөздерге лайық.
 
Мереке қатысушыларына және барша қазақстандықтарға бейбітшілік, амандық, игі істер мен жаңа бастамаларда сәттілік тілеймін.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді