Қостанай облысының әкімі Қ.И. Ақсақалов Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрды архипасторлық қызметке тағайындалуының 35 жылдығымен құттықтады:
Құрметті митрополит Александр!
Сіздерді Қостанай облысының тұрғындары атынан архиерейлік қызметке тағайындалуыңызға 35 жыл толуымен құттықтаймын!
Сіздің өміріңіз Қазақстанның Православие Шіркеуіне жанқиярлық қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылады. Сіз өзіңізді уағыз-насихатқа, рухани құндылықтарды және адамгершілік тәрбиесін нығайтуға арнау арқылы бүкіл қазақстандық қоғамның рухани дамуына үлес қосып жүрсіз.
Сіздің құтты Қазақстан жерінің қоғамдық діни өміріне қосқан үлесіңізді ерекше атап өткім келеді.
Көпұлтты елімізде бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау және нығайту жолындағы тынымсыз еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіруге рұқсат етіңіз.
Сіздің баға жетпес тәжірибеңіз бен терең даналығыңыз Қазақстан халқына сүйіспеншілік пен мейірімділікті арттыруда қызмет ете берсін. Сізге зор денсаулық, рухыңыздың мықтылығын және рухани жолдағы жоғары қызметтеріңізде сенімді серіктер тілеймін.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр