Алматы қаласының әкімі Ерболат Асқарбекұлы Досаев Астана және Алматы митрополиті Александрды Қазақстан Православие Шіркеуінің Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл және архипастырлық қызмет атқарғанына 35 жыл толуымен құттықтады:
Жоғары Мәртебелі!
Сізді және барлық православие христиандарын осы айтулы күні – Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаймын!
Қазақстан православие шіркеуі қоғамымыздағы конфессияаралық келісім мен татулықтыі нығайтуға зор үлес қосуда.
Сізді архипастырлық қызметіңіздің 35 жылдығымен ерекше құттықтағым келеді.
Сіз Қазақстандағы православиелік христиандардың рухани көшбасшысы ретінде қоғамдық келісімді сақтау мен нығайтуға елеулі үлес қосып келесіз.
Сіздің басшылығыңызбен Шіркеу үлкен жетістіктерге қол жеткізді, оның ішінде Алматы діни семинариясы қайта құрылып, митрополит Иосиф атындағы рухани-мәдени орталығы ашылып, Вознесенский соборы толықтай қалпына келтірілді, сонымен қатар қасиетті асыл князь Александр Невскийдің ескерткіші мен ғибадатхансы тұрғызылды.
Қызметтеріңізге одан әрі табыс, рухани өркендеу және діндарлар арасында бірлік тілеймін! Өміріңіздің әрбір күні қуанышқа, тыныштыққа және рухани байлық пен нұрға толы болсын!
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр