Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Ж. Кошанов Астана және Қазақстан митрополиті Александрды архипастар қызметін атқарғанына 35 жыл толуымен құттықтады:
Жоғары Мәртебелі!
Сізді архипастырлық қызметіңіздің 35 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
2010 жылдан бері Қазақстандағы православие шіркеуіне қызмет етіп келесіз. Осы жылдар бойы сіз православиелік діндарлардың игілігі үшін және қоғамымыздың бейбіт гүлденуі үшін еңбек ет.
Сіз еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің, қоғамдық ұйымдардың жетекшілерінің және дәстүрлі конфессия жетекшілерінің үлкен құрметіне ие болдыңыз.
Сіздің еңбектеріңіз Қазақстан Республикасының жоғары наградаларымен марапатталды.
Сіз Астанада тұрақты өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін дайындау мен өткізуге ерекше көңіл бөлесіз.
Сіздің тынымсыз қызметіңіздің арқасында Қазақстанның православие шіркеуінде тамаша өзгерістер болды. Білім беру және әлеуметтік-қайырымдылық шаралары жандана түсті. Дәстүрлі рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтар насихатталады.
Сіз Қазақстан қоғамындағы ұлтаралық келісім мен дінаралық сұхбатты нығайтуға толықтай қолдау көрсетіп, белсенді түрде атсалысып келесіз.
Сіз үшін атаулы күні зор денсаулық, табыстар мен Қазақстан халқының рухани дамуы мен өркендеуіне қызмет ететін жаңа жетістіктерге жетуге деген ыстық ықыласты тілегімді қабыл алыңыз.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр