ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Халықаралық қатынастар
02.10.2024, 14:00

Қазақстан және Ресей парламенттік делегациясы Вознесенский соборында болды

Қазақстан және Ресей парламенттік делегациясы Вознесенский соборында болды
30 қыркүйек 2024 жыл. Алматы. Оңтүстік астанадағы Вознесенский кафедралды соборына Ресей Федерациясы Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның отырысына қатысу үшін қазақстандық және ресейлік парламенттік делегациясы келді.
 
Келген топты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының вице-спикері Ж.Қ. Асанов және Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары А.В. Яцкин басқарды.
 
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен парламентарийлерді собордың қасиеттісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы, протоиерей Александр Суворов қарсы алды.
 
Діни қызметкер қонақтарға Жетісудың тарихи-мәдени інжу-маржаны саналатын Вознесенский соборының салыну тарихы, Оңтүстік астананың бас ғибадатханасының сәулет өнерінің бірегейлігі мен қазіргі өмірі туралы айтып берді. Экскурсия барысында қасиетті әке 2017-2020 жылдары соборда жүргізілген ауқымды кәсіби қалпына келтіру жұмыстарына жеке тоқталды. Барлық жұмыстар республика Мәдениет министрлігі мен ЮНЕСКО-ның бақылауымен жүзеге асырылып, Қазақстан, Ресей, Сербия, Италия, Германия, Франциядан жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар қатысқандығы жайлы айтылды.
 
Протоиерей Александр 2019 жылы Қазақстан Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевтың соборға келіп, қалпына келтіру жұмыстарының нәтижелерімен танысқаннан кейін атқарылған бірегей жұмыстарды жоғары бағалап, жүзеге асырылған жобаны «Қазақстанның ұлттық киелі орнының екінші рет өмірге келуі» деп атады.
 
Делегация мүшелері жүргізілген қалпына келтіру жұмыстарын жоғары бағалап, ғибадатхананың сыртқы келбетінің әсемдігі мен кереметтілігін, сондай-ақ Ресейдің суретшілер Одағы мүшесі  В.К. Курилов жетекшілігімен дарынды палехтік изографтары салған картиналармен безендірілген интерьерлердің көзтартарлығын атап өтті.
 
Қонақтарға Вознесенский соборына барғандарын  еске алу үшін Митрополит Александрдың атынан ғибадатхананың тарихын суреттейтін басылымдар сыйға тартылды.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді