Кострома облысының губернаторы Сергей Константинович Ситников Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды архипастырлық қызметінің 35 жылдығымен құттықтады:
Жоғары Мәртебелі!
Кострома облысының әкімшілігі атынан және өзімнің атымнан Сізді архипастырлық қызметіңіздің 35 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз Орыс Православие Шіркеуіне қызмет ету үшін ұзақ еңбек жолынан өттіңіз
Сіз Кострома облысында көп жылдар бойы қамқорлық, мейірімділік және әділеттілік мұраттарын уағыздай отырып, қоғамның рухани және жоғары адамгершілікті жаңғыруына тынымсыз жұмыс атқардыңыз.
Сіздің еңбектеріңіздің арқасында Қазақстанда орыстілді халықты адамгершілікке тәрбиелеу және православиелік халық өмірінің дәстүрлі рухани негіздерін нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Сізге шын жүректен денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке, бейбітшілік және жоғары қызметіңізде берекелі табыс тілеймін.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр