Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды архипастырлық қызметінің 35 жылдығымен РФ Денсаулық сақтау жөніндегі Қоғамдық Палатасы комиссиясының төрағасы, Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекеменің директоры, Ресей ФМВА Оториноларингология ұлттық медициналық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Николай Аркадьевич Дайхес құттықтады:
Жоғары Мәртебелі, құрметті митрополит Александр!
Сізді осы айтулы күн – архипасторлық қасиетті тағайындауларыңыздың 35 жылдығымен құттықтаймын!
Сіз Қазақстан Республикасы православие дінін ұстанушыларының рухани жетекшісі ретінде жоғары және жауапты қызметте ұзақ уақыт жұмыс істеп келесіз. Қазақстан митрополиттік округінің басшысы ретінде сіз миллиондаған отандастарымызға жауапкершілікті алып жүрсіз.
Сіз жас кезіңізден өзіңізді Құдайға және адамдарға қызмет етуге арнадыңыз, осы игі қызметте өзіңізді көп жылдар бойы дана архипастор және көшбасшы ретінде көрсетіп Шіркеу мен Отанды шексіз сүйіп келесіз. Сіздің шынайылығыңыз, мейірімділігіңіз бен адалдығыңыз, өз міндеттеріңізге жауапкершілікпен қарауыңыз, терең сеніміңіз және асқан еңбекқорлығыңыз орасан зор халықтың сүйіспеншілігіне, жұртшылықтың құрметіне және Ресей мен Қазақстанның үкімет басшылығының сеніміне ие болды.
Республиканың екінші үлкен конфессиясын басқара отырып, сіз Орталық Азия аймағындағы ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімді сақтауға, Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етудесіз.
Сізге шын жүректен денсаулық, бақ-береке, таусылмас қуат және рухани қызмет саласында жаңа табыстар тілеймін.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр