8 қазан 2024 жыл. Орал қаласы. Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен аймақтың атқарушы билігінің басшысы Нариман Төреғалиұлы Төреғалиевтің кездесуі өтті.
Кездесуге қатысқандар: Православие шіркеуі тарапынан – Астана епархиясының викарийесі Талдықорған епископы Клавдиан, Орал және Атырау епископы Вианор, Орал шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Владимир Гарасим, митрополиттік хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин; зайырлы билік тарапынан – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Е. Меңдіғалиев, Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының басшысы А. Қаратай.
Облыс әкімі митрополит Александрға сапары үшін алғыс айтып, Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысына өңірдің рухани өміріне қамқорлық танытып, Батыс Қазақстан облысына маңызды православиелік қасиеттіні – Мәскеудің киелі Матронасының жәдігерліктері салынған кемені әкелгені үшін алғысын білдірді.
Митрополит билеушісі аймақ басшысына сенушілер қастер тұтатын қасиеттіні Митрополит округінің епархияларына әкелу Мәскеу және Бүкіл Русь әулие Патриархы Кириллдің батасымен тарихи күнді – Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай мерекелеу аясында жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Сонымен қатар иерарх 29 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Астана мен Алматыда 100 мыңнан астам адам Құдай әулиесінің жәдігерліктеріне тағзым еткенін атап өтті.
Нариман Төреғалиұлы митрополит Александрға облыстың тыныс-тіршілігі және Республика Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаев тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткізілген Халықаралық экоiлогиялық форумға қатысуы туралы әңгімеледі.
Кездесуге қатысушылар АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумның ұйымдастырылуы мен өткізілуіне жоғары баға берді. Әкімнің айтуынша, жалпыхалықтық референдум азаматтарға елдің болашағына айтарлықтай әсер ететін шешімдер қабылдауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Референдумға қойылған мәселенің оң шешілуіне дауыс берген қазақстандықтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12 пайызды құрады.
Жиында Мемлекет басшысы соңғы 80 жылдағы ең алапат апат деп атаған көктемгі су тасқынының зардаптарын жою мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды жаңа баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қазіргі таңда жалғасып жатқанын айтты.
Митрополиттік округ басшысы апаттың салдарын еңсеру жолында еліміздің көпұлтты және көпконфессиялы халқы өздерінің асыл қасиеттерін – бірлік пен ұйымшылдық танытқанын атап өтті. Митрополит Қазақстанның православие шіркеуінің дінбасылары мен келушілері зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетіп, құтқару жасақтарында жұмыс істеп, гуманитарлық көмекті жинау мен таратуға атсалысқанын атап өтті.
Архипастырлар мен облыс әкімі 2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президентінің ел халқына жолдауындағы өзекті тақырыптарды талқылады. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз жолдауында қазақ қоғамының басты ерекшелігі қашанда халықтың бірлігі мен келісімінің негізінде жатқан іргелі құндылықтар - ашықтық пен толеранттылық екенін тағы бір мәрте атап өтті. Кездесуге қатысушылардың өзара пікірінше, адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың бірегей үлгісі республиканың ұлттық экономика салаларындағы, әлеуметтік саладағы және халықаралық дипломатиядағы болашақ табыстарының кепілі болмақ.
Кездесуге қатысушылар ұлттық бірлікті нығайтуда және экстремизмге бірлесіп қарсы тұруда мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және Қазақстанның жетекші діндері – ханафи мәзһабындағы ислам мен православие арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында Н.Т. Төреғалиев пен митрополит Александр бір-біріне денсаулық, бейбітшілік және ел халқына қызметте табыс тіледі. Иерарх аймақ басшысына өзінің ғылыми еңбегін – «Орталық Азиядағы христиан дінінің тарихы» кітабын және Митрополит округінің 2025 жылға арналған күнтізбесін сыйға тартты.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр