14 қазан 2024 жыл. Қостанай қаласы. Облыстық әкімдікте Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың кездесуі өтті.
Кездесуге қатысқандар: Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа); зайырлы билік тарапынан – Қостанай облысы әкімінің орынбасары Р.З. Мұхаметқалиев, облыстық дін істері басқармасының басшысы Е.Б. Қалмақов.
Құмар Іргебайұлы Қазақстан елордалық округінің басшысын жылы қарсы алып, өңірдің рухани өмірінің мәселелеріне көңіл бөліп келгені үшін алғысын білдірді. Өңір басшысы архипасторға Православиенің қасиеттісі – мәскеулік Матронаның киелі жәдігерліктері салынған кемені әкелгені үшін алғысын білдірді. Әкімнің айтуынша, бұл шара қоғамды дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтар төңірегінде біріктіруге ықпал етеді.
Митрополит Александр Қ.І. Ақсақаловқа Қазақстан Православие Шіркеуінің өмірі туралы айтып, Қостанайға Қасиетті Матронаның жәдігерліктерінің қажылық етуі Митрополиттік округтің епархияларында айтулы күн – Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жылдығын мерекелеудің маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтті.
Митрополит аймақ басшысына Қостанай облысының Октябрьское ауылында епархияда тарихи қасиетті орын – Құдай Ана мен бас апостолдар Петр мен Павелдің Иверон иконасы құрметіне монастырьдің қайта жаңғыртылуы және монастырдың басшысы Никаның (Отрощенко) игумен дәрежесіне тағайындалуы жайлы хабарлады.
Облыс әкімі билеушіге өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы және түрлі мәдени-қайырымдылық жобаларының жүзеге асырылуы жайлы хабардар етті.
Кездесуге қатысушылардың пікір алысу тақырыптарының бірі – АЭС салу жөніндегі республикалық референдумның қорытындылары болды. Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұл жобаны жүзеге асыру «еліміздің алдағы онжылдықтардағы тұрақты ілгерілеуін қамтамасыз етеді, энергетикалық тәуелсіздігімізді нығайтады, экономиканың, ғылым мен білімнің әртүрлі салаларын дамытуға қуатты серпін береді және әртүрлі профильдегі инженерлер мен мамандардың кең тобын қалыптастырады» деген сөзіне қосылып,оң бағалады.
Әңгімелесу барысында Қазақстанда қазіргі заманның сын-қатерлеріне қарамастан, мемлекет басшысының саясатының арқасында үйлесімді этносаралық қатынастардың іргелі принциптері – бір үлкен отбасы болып өмір сүретін барлық этностардың мәдениетін дамуы, ана тілін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құқығы сақталып отырғаны баса айтылды. Дәстүрлі дін өкілдерімен диалог саласындағы мемлекеттік саясатты талқылау аясында еліміздегі жетекші екі конфессия – ханафи мәзһабы исламы мен православиелік христиандықтың бітімгершілік қызметінің маңызы талқыланды.
Тараптар аймақтағы зайырлы билік органдары мен Митрополиттік округінің Қостанай епархиясы арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылады. Әкім өз кезегінде қала және облыс басшылығы жағынан епархияның дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және халықтың тарихи-мәдени мұрасын сақтауға бағытталған бастамаларына қолдау көрсететінін атап өтті.
Әңгімелесу барысында өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасты.
Иерарх пен аймақ басшысы сенуші халықтың облыс орталығында астықшылар ерекше қастерлейтін Аспан Патшайымы «Нан сайыскері» (Спорительница хлебов) бейнесі құрметіне ғибадатхананы тұрғызу өтінішін талқылады.
Достық жағдайда өткен кездесу соңында митрополит Александр мен Құмар Іргебайұлы бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.
Митрополиттік округ Басшысы алдағы Қасиетті Қырқыншы күн мейрамында «Преждеосвященных Даров» литургиясын атап өтті
ТолығырақАлматыдағы Вознесенский кафедралды соборындағы әулие Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының екінші бөлімінің оқылымы
ТолығырақПетропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр